Выпуски

Эдельвейс


Сержан Назгүл Нұркенқызы 2009 жылы 8 қарашада Атырау облысы, Құлсары қаласында дүниеге келді. Қазір Атырау қаласында тұрады. Кішкентайынан зерек Назгүл бар болғаны 2 жасында №1 «Мектепке дейінгі авторлық гимназия» балабақшасына барды.Балабақшадағы тәрбиешілері Людмила Николаевна, Вера Николаевна сүйкімді де сымбатты Назгүлді оқу, білімге баулыды. Бойындағы өзіне ғана тән дара қасиетін ашып, ән айтып, би билеуге, сурет салуға, қолөнермен айналысуға барынша бейімдеді. Назгүл балабақшада жүрген кезінен бастап бірнеше сайыстарға қатысты. Алғашқы тәрбие ордасын жақсыға аяқтаған Назгүл мектепке жақсы дайындықпен барды. Мектептегі ұстаздары Алия Қалымовна, Шынар Серіковна білімді шәкірт тәрбиелеудегі еңбектері зор деуге болады. Қазір Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейінің 5-сыныптың үздік оқушысы. Үлгілі оқушының жақсы көретін пәндері математика, ағылшын тілі деуге болады. Осы пәндерді тереңдете оқып жүр. Жан-жақты, білімге ынтасы мол, өнерді жаны сүйетін, ата-әжесінен тәлім-тәрбиесін алған, ізінен ерген бауырларының қамқоршысы, отбасының мақтанышы Назгүл көркем гимнастикамен де шұғылданады. Мәнерлеп оқудың шебері. «Әнші балапан» сайысынан Бас жүлде, топ аралық зияткерлік олимпиадалар «По дороге знаний», «Подумай и отгадай», «Лучший проект» сайыстарынан жүлделі орындар иеленген. Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен математика пәні олимпиадасындағы үздік білімі үшін 1 сыныпта ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2 сыныпта Халықтар бірлігі күні аясында «Дружба наций» би конкурсында І орын, 2017 жылы «SmartUm» интеллекті дамыту орталығының менталды арифметика бойынша өткізілген І облыстық олимпиадасында І орын алды. «Иверия» вокал курсын тәмамдады. Ұлттық «Бала дауысы-2017» балалар ән байқауының іріктеу турына қатысушысы сертификатының иегері. Алматы қаласында өткен халықаралық «Танысу» фестивалінде ұлттық би номинациясы бойынша «Иверия» грузин ансамблі құрамында І орынмен жеңімпаздар қатарына енді.
Бүгінгі таңда, Назгүл көркем гимнастикадан ҚР Спорт шеберлігіне үміткер. Атырау облысының құрамасында Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Солтүстік Қазақстан облысының Ашық чемпионаттарына қатысып, жүлделі орындар иемденіп жүр. ШГ «IZUMRUD» Ашық Чемпионатында көркем гимнастикадан жеке бағдарлама бойынша жүлделі ІІ орын, қалалық Ашық турнир бойынша «Фламинго» көркем гимнастикадан ІІІ орын, «Каспийские звездочки» Атырау облыстық Ашық чемпионатында І орын, «Кербез» гимнастика мектебі ұйым-
дастырған Ашық чемпионатында ІІ орын және «Триумф» құрамасының қатарында ІІ орын, Солтүстік Қазақстан облысының «Путь к Олимпу» Ашық чемпионатында ІІ орын алды.
Бос уақытында сурет салғанды, саяхаттауды, кітап оқығанды ұнатады. Спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанады. Болашақтағы спорт әлемінің көгінде жұлдызы жанып, танымал гимнастшы болу. Ұлы Қазақ Елінің мақтанышы болу. Асқақ арманың орындалсын, талантты Назгүл!

Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.