Лидер года

Есентай Бақдаулет Ақанұлы


Есентай Бақдаулет Ақанұлы – 2013 жылдың 15 мамырында Атырау облысының Ганюшкино ауылында дүниеге келген. Ол – отбасындағы тұңғыш перзент, ата-анасының үміт артар сенімді тірегі, ақылшы ұлы.

Бақдаулет бала кезінен зеректігімен, алғырлығымен ерекшеленіп, білімге деген құштарлығын ерте танытты. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап сабақты үздік оқып, ұстаздарының үмітін ақтап келеді. Оның жауапкершілігі мен белсенділігі – құрдастары мен мұғалімдеріне үлгі.

Бақдаулет тек оқуда ғана емес, спортта да жоғары жетістіктерге жетіп жүр. Ол 4-сыныптан бастап еркін күреспен шұғылданып, түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Бұл оның еңбекқорлығы мен табандылығының нақты дәлелі.

Бақдаулет – болашағынан үлкен үміт күттіретін, жан-жақты дамыған жас жеткіншек. Алдағы уақытта елге үлгі болар азамат болып өсетініне сенім мол.


Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.