Лидер года

Амантай Ерман Еркінұлы


     Амантай Ерман Еркінұлы – небәрі 10 жаста болса да, табандылығы мен еңбекқорлығы арқылы көпке үлгі болып келе жатқан жас спортшы. Ол 2024 жылдан бері дзюдо және қазақша күреспен қатар алып, осы жолда тынымсыз еңбектеніп келеді.

     Қысқа уақыт ішінде түрлі қалалар мен елдерді аралап, шетелдік оқу-жаттығу жиындарына қатысып, мол тәжірибе жинақтады. Соның нәтижесінде әртүрлі деңгейдегі жарыстарда топ жарып, көптеген жеңістерге қол жеткізді. Бұл жетістіктерге жетуіне жаттықтырушысы Пернебек Дубайев ағайдың сіңірген еңбегі зор.

     Ерман тек спортта ғана емес, білімде де алдыңғы қатарда. Ол сабақты жауапкершілікпен оқып, жақсы үлгерім көрсетіп келеді. Қазіргі таңда Тараз қаласы, Аса ауданы, Өрнек ауылындағы Бейсенбек Тайшақұлы атындағы мектептің 5 «Ә» сынып оқушысы.

     Өзі белсенді, бастамашыл, әртүрлі іс-шараларға белсене қатысып, үнемі алдыңғы қатардан көрініп жүретін еңбекқор әрі мақсатшыл жас. Болашағынан зор үміт күттіретін Ерманның жетістіктері – оның табандылығы мен ұстаздарының бағыт-бағдарының айқын көрінісі. Сынып жетекшісі Салтанат Айтмағанбетова үшін мұндай шәкірт – әрдайым мақтаныш.

Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.