Лидер года

Муталхан Раяна


     Мен Муталхан Раяна 2014 жылдың 23-ші сәуірінде дүниеге келгенмін. Мен Қ.Мүсірепов атындағы №20 жалпы білім беретін мектеп КММ-де 6 «Ә» сыныпта оқимын. Мен бос уақытымда домбыра, би, ән, кітап оқу, тоқыма тоқу және де спорттық үйірмелерге қатысамын. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ- домбыра!» демекші менің ең қатты қызығатыным домбыра. Домбыра –ұлтымыздың ұлы құндылығы, рухани байлығымыздың қайнары, ұлт болмысының өзегі, ұлт жадының тұғыры, жол бастаған көсемі, сөз бастаған шешені. Домбыра – қазақтың жауына қару, жанына дәру жан серігі, ол- қазақты біріктіруші, ұлтты ұйыстырушы, тұтастандырушы асқақ ұғым. Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен  «Дарын» Республикалық ғылыми- практикалық орталығының Сертификатымен және Республикалық математика олимпиядасының II дәрежелі дипломымен, Мұқағали Мақатаевқа 95 жыл толуына орай «Мұзбалақ ақын – Мұқағали» атты тақырыпта поэзия орындап марапатталды, ҚББП апталығына белсене қатысып марапатталды, «Заң және тәртіп» тақырыпта эссе жазып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып «Ең үздік эссе» номинациясын иеленді. «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңінің «Қазақтың 100 жаңа есімі» номинациясы бойынша жүлделі III орын иеленді. Бұл марапаттарым менің болашағым. Бұл әлемдегі ең құнды ресурс – уақыт емес, энергия. Білімді адам –өз халқының асыл мұрасын бойына сіңірген жан. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» дей келе, осындай еңсесін тіктеп келе жатқан елге, ең алдымен білімді, дарынды, жігерлі ұрпақ керек деп ойлаймын.   Болашақта ел тізгінін ұстау – біздің қолымызда екені анық. Сондықтан бойымдағы бар жақсылығымды елімнің болашағы үшін жұмсағым келеді. Ата-бабаларымыздың мұрат еткен аманатын, сенімін ақтап, Тәуелсіз елімнің тізгінін ұстар азаматшасы болғым келеді.

Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.