Лидер года

Зейнұрқызы Еркенұр


  Зейнұрқызы Еркенұр 2016 жылы қараша айының 20-да дүниеге келген. 2 жастан асқан кезде  балабақшаға  бердік, өте зерек, мінезі ауыр қыз болып өсті. Балабақшаны 2021 жылы аяқтап бастауыш сыныпқа өтті. Созақ ауданы, Шолақ қорған елді мекенінің Алтынсарин мектебіне алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, алғаш қоңырауды соққан қызым, алғашқы ұстазы Нұрмағанбетова Назерке Әбдіғаниқызы Созақ ауданының Алтынсарин мектебінің  ұстазы осы апаймен мақтанамыз. Содан бірінші сыныпты аяқтап екінші сыныпта ойламаған жерден Түркістан қаласына көшіп келдік. Бұл жақта С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейіне бердім,  Көлбаева Жансая апайы қызымды құшақ жая қарсы алды.  Еркенұрдың алғырлығын байқаған ұстазы бірнеше олимпиадаларға қатыстырып, жүлделі І, ІІ, ІІІ орындар иеленді.

     Республикалық «Самұрық» математикалық зияткерлік олимпиадасынан ІІ орынмен мараптталды.

    Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің Түркістан облысы  1-11 сынып оқушылары арасында өткізілген «АЛТЫН ҰРПАҚ» зияткерлік олимпиадасының ІІІ орын  жүлдегері атанды.

    «Ақ Бота» зияткерлік олимпиадасының І дәрежелі дипломымен марапатталды.

    Диплом  «Алаш оқулары» олимпиадасының  І орын жеңімпазы атанды. 

   ДИПЛОМ ІІ орын «Дарын Республикалық ғылыми – «Дарын» атты шығармашылық байқауына белсене қатысып, «Көркем сурет» жанры бойынша үздік деп танылғаны үшін марапатталды.

    IQ CENTR интелект орталығы Республикалық «Кенгуру» жалпы пәндік интеллектуалдық олимпиадасынан  І орын жүлдегері атанды.

   Апайымен бірге міне бастауыш сыныпты аяқтап жатырмыз Аллаға сансыз шүкір осындай шәкірттерді тәрбиелеп жатқан ұстаздарға. Айтар алғысымыз шексіз. Ұстазы Нұрмағанбетова Назерке апайы мен бірге Көлбаева Жансая апайларына рахметімізді айтамыз.  Менің қызымның жеткен жетістіктері осы апайларының арқасында деп білемін. «Ұстазы мықтының, ұстанымы мықты» деген осы шығар, бұдан да жоғары биіктен көріне берсін  қызыма тілерім көп жолы ашық болып, жарқырап арман-мақсаттарына жете берсін.


Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.