Лидер года

Сағындық Ұлан Дарханұлы


     Мен, Сағындық Ұлан Дарханұлы 20 наурыз 2015 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келдім. Қазіргі таңда, Атбасар қаласы 7 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 «Б» сыныбын аяқтадым. Мен үздік оқушылардың бірімін,алғырмын, елгезек, қарапайым баламын. 7 жасымнан бастап әр түрлі үйірмелерге қатысып, өзімнің өнерге деген қызығушылығымды   арттырудамын. Халық  аспаптары домбыра 1-сыныбын аяқтадым. Үстел теннисімен қатар шахмат ойнауды ұнатамын. Сабағыма қосымша ағылшын тілі үйірмесіне барып, ағылшын тілін үйреніп жүрмін.

    Атбасар ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі 2026 жылы Наурыз мейрамына  орай ұйымдастырылған спорттық жарыста шахматтан   ІІ орын;

    ФОК «Олимп» Жаңа жылдық турнирде  үстел теннисінен ІІІ орын;

    IQ  центр, Атбасар қаласы 2026 жылы Балалар күніне орай ұйымдастырылған шахмат турнирінен ІІ орын;

    ФОК «Олимп» Атбасар қаласы, 2026 жылы 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай үстел теннисінен ІІІ орын;

    Атбасар ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі, 2026 жыл 1 мамыр Бірлік күніне орай ұйымдастырылған турнирде шахмат бойынша ІІІ орын;

    Центр «IQ» Атбасар қаласы, 2026 жылы Шахмат турнирінен І орын, Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Үстел теннисінен 2015 жылы туылған спортшылар арасында өткен Ақмола облысы чемпионатында  аралас жұптық жарысында Көкшетау қаласы, 2026 жылы ІІ орынды алып келді.

    Атбасар қаласының балалар музыка мектебі «Жас дарын» байқауында І орын алғаны үшін марапатталды, Атбасар қаласы, 2026 жылы;

    Шахмат және үстел теннисі тренирі Забанов Игорь Николаевичке ата-анасы атынан  алғыс білдіреміз.

Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.