Лидер года

Смадияр Аңсар Ғалымжанұлы


     Смадияр Аңсар Ғалымжанұлы – болашағынан зор үміт күттіретін жас боксшы.

  Смадияр Аңсар Ғалымжанұлы 2012 жылдың 30 қаңтарында Солтүстік Қазақстан өңірінде дүниеге келген. Қазіргі таңда, Түркістан облысы, Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылында тұрады.

   Жас спортшының бокс спортымен айналысып жүргеніне үш жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт ішінде ол өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында көптеген жарыстарға қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі додаларда жүлделі орындарды иеленіп, өз қатарластары арасында үздіктердің бірі атанды.

    Аңсар үшін бокс – жай ғана спорт емес, оның өмірінің ажырамас бөлігі. Ол әр жаттығуға үлкен жауапкершілікпен қарап, шеберлігін шыңдау жолында аянбай еңбек етуде. Бүгінде ол Кандидат спорт шебері (КМС) атағын иеленіп, өзінің спорттағы әлеуетін дәлелдей білді.

   Жас спортшының жетістіктерінде жаттықтырушысы Берікжан Шыналиевтің еңбегі ерекше. Тәжірибелі бапкердің білімі мен тәлім-тәрбиесі, спортшыларға деген жанашырлығы көптеген жеңістердің бастауына айналып отыр. Осы ретте Берікжан ағайға шексіз алғысымызды білдіреміз.

   Аңсардың алдағы уақытта да спорт әлемінде биік белестерді бағындырып, ел намысын халықаралық ареналарда абыроймен қорғайтын чемпиондардың қатарынан көрінетініне сенім мол. Жас спортшыға толағай табыс, мықты денсаулық және жарқын жеңістер тілейміз!

Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.