Лидер года

Улжагалиев Сардар Нуржанұлы

     Мен Улжагалиев Сардар Нуржанұлы. 2012 жылдың 29 сәуірінде БҚО Шыңғырлау ауданында дүниеге келдім. Отбасымда әкем, анам, екі інім, екі қарындасым бар. Көпбалалы отбасы санатына жатамыз. Қазіргі таңда Лұқпан Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысымын. Мен спортқа ерекше қызығушылық танытамын. Қол күрес, баскетбол спорт түрімен тұрақты түрде айналысып келемін. Жаттығуларға белсенді қатысып, өзімді шыдамды, тәртіпті және мақсатшыл спортшы ретінде көрсетіп жүрмін. Мектепшілік, аудандық және облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Атап айтқанда, БҚО Шыңғырлау ауданында 2023 жылы баскетболдан «Алтын доп» - мектеп лигасының 5,6-сынып ұлдары арасындағы аудандық турнирінде «Үздік қорғаушы» аталымына ие болғаным үшін, 2023 жылдың 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай баскетболдан 2011-2012 ж.т. жасөспірім ұлдар арасында БҚО Бөрлі ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігінде жүлделі «Бірінші» орынға ие болғаным үшін, 2023 жылы БҚО баскетболдан 2011-2012 ж.т. жасөспірім ұлдар арасындағы «WEST CUP» Батыс аймақтық турнирінде «ЕКІНШІ» орынға ие болғаным үшін, 2024 жылы қол күресінен 2012 ж.т. және одан кіші жас жеткіншектер мен 2009-2011, 2006-2008 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында БҚО Теректі ауданының ашық турнирінде «45» салмақ дәрежесінде I орынға ие болғаным үшін, 2025 жылы БҚО «Жеңімпаздар айқасы» атты қол күресінен 2008-2010 ж.т. , 2011-2013 ж.т. және 2014-2015 жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Орал қаласының ашық чемпионатында «45» салмақ дәрежесінде «II» орынға ие болғаным үшін, 2026 жылы қол күресінен 2011-2012 ж.т. , 2013-2014 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар және ардагерлер арсында Батыс Қазақстан облысының чемпионатында «50» салмақ дәрежесінде «III» орынға ие болғаным үшін марапаттады. Бұл жетістіктер менің еңбегім мен жаттықтырушымның қолдауының нәтижесі деп білемін. Спорт мені тәртіпке, жауапкершілікке және жеңіске деген ұмтылысқа үйретті. Сонымен қатар, сабақ үлгерімімді де жақсы деңгейде ұстап келемін.Болашақта кәсіби спортшы болып, елімнің намысын қорғауды мақсат етемін.

Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.