Лидер года

Асхатқызы Айару


Асхатқызы Айару 2014 жылы туған. Ол қазіргі таңда көркем гимнастикадан Атырау облысының ең таңдаулы әрі болашағынан үлкен үміт күттіретін жас жұлдыздарының бірі, Қазақстан Республикасының Көркем гимнастикадан Спорт шеберіне үміткер (КМС). Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының 2024 жылғы 27 қарашадағы №858 бұйрығымен оған ресми түрде «Қазақстан Республикасының Спорт шеберіне кандидат» спорттық атағы берілді.

 

Айару көркем гимнастика әлеміне 2021 жылы, небәрі 6 жасынан бастап қадам басты. Оның спорттағы алғашқы қадамдарын бағыттап, көркемдік пен төзімділіктің негізін қалаған алғашқы тренері – Камилла Болатнова болды. Жас спортшы алғашқы күндерден бастап өзінің ерекше икемділігімен және жеңіске деген талпынысымен көзге түсті. Тұрақты әрі қажырлы жаттығулардың нәтижесінде ол аз уақыт ішінде жоғары кәсіби деңгейге көтеріліп, облыстық, республикалық және халықаралық ареналарда үздік нәтижелер көрсетіп келеді.

 

Қазіргі уақытта Айарудың спорттық шеберлігін шыңдап, жоғары жетістіктерге жетелеуде қазіргі тренері Жадыра Жеңісқызы мен хореографы Мұратбай Ұлболсын өлшеусіз еңбек сіңіруде. Тәжірибелі бапкерлер мен білікті мамандардың бірлескен кәсіби жұмысының арқасында спортшы қыз еліміздің ең беделді додаларында облыс намысын жоғары деңгейде қорғап жүр.

 

Спорттық мансабындағы зор жетістігі әрі оның кәсіби спорт шебері деңгейіне жеткендігнің дәлелі ретінде — 2026 жылы Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен Кубогінде көрсеткен тамаша нәтижелерін ерекше атап өтуге болады. Өскемен қаласында өткен ҚР Чемпионатында жасөспірімдер арасында көпсайыстың жекелеген түрлерінде (1 дәреже) 36,15 ұпаймен қола жүлдегер (3 орын) және топтық бағдарламада 5 таспа жаттығуы бойынша 16,6 ұпаймен күміс жүлдегер (2-орын) атанды. Сонымен қатар, Шымкент қаласында өткен Қазақстан Республикасының Кубогінде финалдық кезеңде топтық бағдарламада 5 доп жаттығуымен 19,200 жоғары ұпай жинап 2-орын және 5 таспа жаттығуымен 16,1 ұпай иеленіп 2-орынға табан тіреді. Бұл жетістіктер Айарудың еліміздің ең жоғары деңгейдегі додаларында бәсекеге қабілетті, нағыз шебер екенін айқын көрсетеді.

 

Асхатқызы Айарудың спорттық жетістіктерінің хронологиясы: 

 

Жылы

Жарыстың атауы мен деңгейі

Иеленген орны

 

 

 

 

 

2021 жыл

«Каспий жұлдызы» турнирі, Жалпы физикалық дайындық (ОФП)

 

ІІІ орын

Халықаралық “SHAGALA” турнирі (1-разряд бағдарламасы бойынша)

 

І орын

Ашық Чемпионаттар мен облыстық біріншіліктер (бірнеше дүркін)

І және ІІ орындар

2022 жыл

«Золотые звёздочки» республикалық турнирі

І орын

 

 

 

2023 жыл

“Grace Aqtobe - Umit Cup” республикалық турнирі

ІІ орын

Қызылорда қаласының Ашық Чемпионаты

ІІ орын

Жамбыл облысының Чемпионаты

І орын

 

 

 

 

2024 жыл

“Alem Babi Cup” турнирі (Астана қаласы)

ІІІ орын

Жамбыл облысының Ашық турнирі (екі мәрте)

ІІ орын, І орын

Халықаралық турнир (International Tournament)

І орын

“Izumrud Cup” турнирі

ІІ орын

 

 

 

 

2025 жыл

Ақтау қаласының Кубогы

ІІ орын

“RGS” турнирі (1-разряд категориясы)

ІІ орын

Батыс Қазақстан облысының Чемпионаты

ІІ орын

Жамбыл облысының турнирі

І орын

2026 жыл

Ашық турнирлер мен Жамбыл облысының біріншілігі

І орын

“NAURYZZ CUP” турнирі және Ашық Чемпионат

ІІ орын

 

Қазақстан Республикасының Чемпионаты (Өскемен қ.):

  • Көпсайыс (1-дәреже) – 36,15 ұпай
  • Топтық бағдарлама (5 таспа) – 16,6 ұпай

 

 

ІІІ орын ІІ орын

Қазақстан Республикасының Кубогы (Шымкент қ.):

  • Топтық бағдарлама финал (5 доп) – 19,200 ұпай
  • Топтық бағдарлама финал (5 таспа) – 16,1 ұпай

 

 

ІІ орын ІІ орын

 

Асхатқызы Айару өзінің спортқа деген адалдығымен, еңбекқорлығымен және отандық спортты дамытуға қосып жатқан зор үлесімен кез келген мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға, құрмет грамоталарына әбден лайықты. Ол бапкерлер ұжымының сенімін ақтап, болашақта Қазақстан көк туын халықаралық Олимпиада ойындарында мақтанышпен желбірететін нағыз спорт шебері ретінде қалыптасып келеді.

Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.