Әмірхан Жалғас Өмірханұлы 2012 жылы 18 қаңтарда Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тартоғай ауылында дүниеге келген .
2015 жылы ата-анасының жұмыс бабымен Жалағаш ауданына көшіп барады.
2018 жылы Т.Жүргенов атындағы 123 мектеп-лицей табалдырығын аттап,қазіргі таңда сол оқу ошағында 8-сыныпты тәмамдап, 9-сыныпқа көшіп жатыр.
5-сыныптан бастап “Наркескен “спорт клубына волейбол үйірмесіне Жайдар ағайына барды.Қазіргі таңда сол спорт клубында волейбол ойыншысы және Жалағаш ауданының жасөспірімдер волейбол құрамасының мүшесі.
Қызылорда облысы 2012 жылғы жасөспірімдер волейбол құрамасының ойыншысы.Үлкен ағасы да волейбол ойыншысы,ағасына еліктеп жас спортшы болғысы келді.
Жайдар және Өтепберген жаттықтырушылары Жалғастың жақсы ойыншы екенін байқап,жігер беріп үнемі мадақтап,қолдау көрсетіп келеді.
Мектепішілік волейбол жарыстарынан да бірнеше рет жүлделі орындарға ие болып, "жыл үздігі" марапатын алады.
Жалғастың жетістіктері,медальдары да көп.
Анасы Жұлдызай ханым қос қанатындай болған екі ұлының спортқа жақын екенін біліп,қолдауын көрсетіп,бар жағдайын жасап,тілеуін тілеп жүреді .
"Мен Жалғасымның болашақта жақсы азамат еліне қызмет ететін ұлтшыл ұл болатына сенемін және мақтанамын", – дейді ол.
Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.
Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.
