Лидер года

Қайырбек Ақан Нариманұлы


Мен, Қайырбек Ақан Нариманұлы 04.04.2014 жылы, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентінде дүниеге келдім.

Отбасымызда төрт баламыз. Отбасымда әкем, анам, ағам және екі қарындасым бар. Ата-анам әрқашан маған қолдау көрсетіп, спортпен айналысуыма үлкен ықпал етті.

Мен бокс спортымен 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап айналыса бастадым. Боксқа келгеннен бері жаттығуларға тұрақты қатысып, өзімнің шеберлігімді шыңдап келемін.

Осы уақыт аралығында бокс бойынша 30 жекпе-жек өткіздім. Оның ішінде 25 жекпе-жекте жеңіске жетіп, 5 жекпе-жекте жеңіліс таптым. Қазіргі таңда спорттық жетістіктерімнің қатарында 30 медаль және 3 чемпиондық белбеу бар әрине ол менің жатықтырушы Арман Ғалымұлының арқасында.

Мен үшін ең маңызды жетістіктердің бірі – Аршалы қаласында өткен халықаралық жарыс. Бұл жарысқа 14 мемлекеттен спортшылар қатысты. Жарыс барысында барлық күш-жігерімді салып, өз шеберлігімді көрсетіп, 1-орынға ие болдым және чемпиондық белбеуді жеңіп алдым.

Бокс маған тек спорттық шеберлікті ғана емес, сонымен қатар тәртіпті, төзімділікті, еңбекқорлықты және жеңіске деген жігерді үйретті. Алдағы уақытта да жаттығуларымды жалғастырып, жаңа жеңістерге жетуге және елімнің көк туын биікке көтеруге тырысамын.

Мен өз жетістіктеріммен мақтанамын және алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруды мақсат етемін.

Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.