Біздің ұлымыз, Нұрлан Нұрасыл Олжасұлы, 2013 жылдың 21 қарашасында дүниеге келген. Көпбалалы отбасымыздың үлкені. Қазіргі таңда №62 орта мектептің 6-сынып оқушысы.
Нұрасылдың спортқа қызығушылығы өте ерте басталды. Ол 4 жасынан бастап әкесімен бірге бокс қолғабын киіп, үйде жаттығып жүретін. Әкесі каратемен айналысқандықтан, білгенін баласына үйретіп, алғашқы дайындықтарын бірге жасап жүрді.
Ресми түрде спорт жолы 7 жасында басталды. 2020 жылы Нұрасыл Тараз қаласындағы №7 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне қабылданып, Жәнібек Қабылбекұлының шәкірті болды.
Алғашқы жарысына Тараз қаласында 27 кг салмақта қатысып, 3-орын алды. Осыдан кейін көптеген турнирлерге қатысып, тәжірибе жинады. 2024 жылы Әзербайжан елінде өткен Азия чемпионатында 33 кг салмақта чемпион атанып, 1-орынға ие болды. 2025 жылы Қазақстан чемпионатында 36 кг салмақта тағы да 1-орын алып, ел чемпионы атанды. Сол жылдың 20 маусымында Қырғызстанда өткен халықаралық жарыста 36 кг салмақта 1-орын алып, алтын түстес белдікке (пояс) ие болды.
Қазіргі таңда оның жалпы медальдар саны – 35. Оның ішінде:
* 24 – 1-орын,
* 6 – 2-орын,
* 5 – 3-орын.
Біз ата-ана ретінде баламыздың еңбегіне, табандылығына және спортқа деген шынайы қызығушылығына әрқашан қолдау көрсетеміз. Оның алда әлі талай асуды бағындыратынына сенеміз.Болашақта Әлем чемпионы Азия чемпионы болу мақсаты.
Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.
Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.
