Бөрібай Рамазан Алматұлы 2018 жылдың 26 мамырында Жалагаш ауданы, Бұхарбай батыр ауылында дүниеге келген. 2021 жылы №13 «Балдырған» балабақшасына барып, мектепке дейінгі тәрбие алды. 2024–2025 оқу жылында №33 орта мектеп табалдырығын аттап, білім жолын бастады.
Рамазан – зерек, алғыр әрі білімге құштар оқушы. Ол математика пәнін ерекше жақсы көреді және түрлі есептер шығаруға қызығады. Бос уақытында спортпен шұғылданып, белсенді өмір салтын ұстанады.
Оқу барысында өзінің жауапкершілігі мен ынтасының арқасында мектепте «Оқу үздігі» атанып, білімдегі жоғары жетістіктерін дәлелдеді. 2026 жылы республикалық "Everest" баспа үйінің атынан өзінің жетістіктері үшін "Жыл үздігі' төс белгісімен марапатталды. Сондай-ақ белсенділігі мен үлгілі мінез-құлқы үшін «Мектеп жұлдызы» атағына ие болды. Бұл жетістіктері оның болашақта да үлкен табыстарға жететінін көрсетеді.
Рамазанның мақсаты – сапалы білім алып, еліне қызмет ететін саналы азамат болу. Оның еңбекқорлығы мен талпынысы жарқын болашаққа бастайтыны сөзсіз.
Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.
Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.
