Мен, Абай Адемай Нұрдаулетқызы, 24.04.2016 жылы Жаңаөзен қаласында дүниеге келдім. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық елді мекенінде тұрамын.
Мен Құрық ауылындағы жалпы білім беретін гимназия мектебінің 5 «Ж» сынып оқушысымын. Сонымен қатар Құрық балалар өнер мектебінің мақтанышы, бишісімін.
Өнер жолында көптеген байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Атап айтқанда, бас жүлде және 1-орын иегері атанып, шетелдік және республикалық деңгейдегі жарыстарға жолдамалар алдым. Дубай, Баку және Алматы қалаларында өткен байқауларға қатысуға мүмкіндік алдым.
23.03.2025 жылы «Атадан мұра» NAURYZ FEST жобасы аясында өткен «Ұлы дала ұрпағы» республикалық байқауында хореография номинациясы бойынша «Ең үздік биші» атанып, бас жүлде иегері болдым.
2026 жылы Мұнайлы ауданының «Өнер додасы» байқауында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, бас жүлдеге ие болдым. 08.12.2024 жылы өткен TALENT SHOW халықаралық фестиваль-байқауында жоғары дәрежелі 1-орын иегері атандым.
Мен Құрық ауылында анам, апам және сіңіліммен бірге тұрамын. Отбасымыз өнерге жақын, бір-бірімізді әрқашан қолдаймыз.
Апам — Абай Әсел, Құрық балалар өнер мектебінің үздік бишісі, көптеген жарыстардың 1-орын және бас жүлде иегері. Ол 7-сыныпта оқиды.
Сіңілім — Бақытжан Айша, гимназия мектебінің 2-сынып оқушысы. Өнер мектебінде жетіген және вокал үйірмелеріне қатысады.
Менің басты мақсатым — болашақта мықты биші болып, би өнерінің биігін бағындыру, жетістіктеріммен анамды мақтан тұту. Осы жетістіктерге жетуіме анамның қолдауы мен ақ тілегі үлкен себеп болды.
Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.
Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.

