Мен, Жұпан Ілияс Лесбекұлы. 2011жылы тамыз айының 18 күні Ағыбет ауылында дүниеге келдім. Ең алғаш мектеп табалдырығын 2015 жылы 1-қыркүйек күні аттадым. Қазіргі таңда «Есіркеп батыр атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 9-сыныпты аяқтап, 10-сыныпқа қадам басқан оқушысымын. Үйдің тұңғышымын.1 қарындасым, 2 інім бар. Отбасымда тәрбиеленіп, ата-анамның қамқорлығы мен тәлім-тәрбиесін алып өсіп келемін.
Мектеп қабырғасында білім алып жүріп, өзімді жан-жақты дамытуға тырысамын. Сабағым орташа болғанымен, әр пәннен жақсы нәтиже көрсетуге ұмтыламын. Мұғалімдердің айтқан ақыл-кеңестерін тыңдап, білімімді жетілдіруге күш саламын. Сыныптастарыммен қарым-қатынасым жақсы, достарымның арасында сыйлы, ұйымшыл оқушылардың бірімін.
Менің ең үлкен қызығушылығым – спорт. Әсіресе волейбол спортына ерекше көңіл бөлемін. Бос уақытымның көп бөлігін жаттығуға арнап, спорттық шеберлігімді дамытуға тырысамын. Волейбол ойыны маған төзімділікке, жауапкершілікке, тәртіпке және командалық бірлікке үйретті. Спорттың арқасында өзіме деген сенімім артып, алға қойған мақсаттарыма жетуге талпынысым күшейе түсті.
2019жылы волейболдан мектепішілік, аудандық және түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, көптеген жетістіктерге жеттім. 2018 жылы 22-29 маусым аралығында Түлкібас ауданының орталығында 2011-2012 жылғы туылған жасөспірімдер арасында волейбол ойынынан өткен ҚР жазғы чемпионатында (облыс құрамасы сапында ойнап) 19 команданы артқа тастап, алтын медаль алып, «Чемпион» атандым. 2023 жылы Қазақстан Республика чемпионаттан 1 орын алдым. 2023 жылы ұлттық мектеп лигасында 2 орын алдым. 2024 жылы 7-8 сынып оқушылары ұлдар арасында мектеп лигасында 1 орын алдым. Командамызбен бірге бірнеше рет жүлделі І орындарды иеленіп, мектебіміздің намысын қорғадық. Бұл жетістіктер мені одан әрі шыңдап, жаңа белестерді бағындыруға жігерлендіреді.
Мінезім ашық, батыл, еңбекқор және жауапкершілікті. Қиындықтардан қорықпаймын, бастаған ісімді соңына дейін жеткізуге тырысамын. Достарыммен тіл табыса білемін, үлкендерді құрметтеп, кішілерге қамқор болуға ұмтыламын.
Болашақта өз елімнің дамуына үлес қосатын, білімді де білікті азамат болуды армандаймын. Спорттағы жетістіктерімді одан әрі жалғастырып, биік белестерді бағындыруды мақсат етемін. Ең бастысы – ата-анамның сенімін ақтап, ұстаздарымның үмітін орындап, елге пайдасы тиетін азамат болып қалыптасу.
Өмірлік ұстанымым: «Еңбек пен табандылық адамды әрқашан жеңіске жетелейді».Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.
Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.
