Лидер года

Сағат Айсұлтан Бекжанұлы


Сағат Айсұлтан Бекжанұлы 2015 жылдың 30 желтоқсанында Орал қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда Хиуаз Доспанова атындағы №30 мектеп-гимназиясының 5 «Д» сынып оқушысы.

Айсұлтанның күреске деген қызығушылығы 7 жасынан басталған. Ағасына еріп жаттығуға барған ол қазақ күресіне ерекше қызығушылық танытып, осы спорт түрімен айналысуға ниет білдіреді. Жасы әлі 8-ге толмағанына қарамастан, жаттықтырушыларымен сөйлесе келе, оның ынтасы мен талпынысын ескеріп, жаттығуға қабылдайды.

Сол күннен бастап Айсұлтан күресті өмірінің маңызды бөлігіне айналдырып, алдына нақты мақсат қойып, табандылықпен еңбектене бастады. Алғашқы жаттықтырушысы — Рамазанов Дамир Қайырлыұлы, қазіргі жаттықтырушысы — Лұқпанов Сержан Ғаділұлы. Бүгінде қол жеткізген жетістіктерінде ұстаздарының берген білімі мен бағыт-бағдары, сондай-ақ өзінің тынымсыз еңбегі мен жігері үлкен рөл атқарады.

Айсұлтан — талай додаларда топ жарып жүрген жас спортшы. Ол Шымкент қаласында өткен «Бала барысы» жарысының жеңімпазы, Түркістан қаласында өткен республикалық турнирдің жеңімпазы, Орал қаласында өткен «Батыс Арланы» ашық турнирінің жеңімпазы, сондай-ақ дзюдодан облыстық турнирдің және Подстепное ауылында өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Сонымен қатар көптеген қалалық, облыстық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып келеді.

Жас спортшының басты мақсаты — жеңістерін еселеп, қазақ күресін биік деңгейде дәріптеп, болашақта ел намысын халықаралық ареналарда қорғау. Айсұлтанның әрбір жеңісі — табанды еңбектің, ұстаздарының еңбегінің және спортқа деген шынайы сүйіспеншіліктің нәтижесі.

Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.