Ешмұқан Альбина Саматқызы 27.06.2009 жылы Орал қаласында дүниеге келді. Анасы: Губайдуллина Гулмира Жанатовна, Әкесі: Байжуменов Самат Ешмуканович. Кішкентай кезінен бастап талантты әрі дарынды болатын. Түрлі шығармашылық жарыстардан Республика деңгейінде жүлделі орын алатын (эссе, өлең шығару). Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейін үздік бітірді. 9 сыныпты аяқтап, Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжіне грантқа түсті. Қазір спорфак бағытында 3 курс студенті. Тоғызқұмалаққа деген қызығушылығы 10 жасынан басталды. Алғашқы бапкері: Орынбасаров Данияр Исламғалиұлы. Жалпы қатысқанына 7 жыл уақыттан асты. Осы уақыт ішінде биік шыңдардан көрінді. Атап айтқанда: 2023 алғашқы оқушылар арасындағы Әлем чемпионатының күміс және 2025 2-ші оқушылар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері. ҚР 3 дүркін чемпионы, Халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы және т.б жарыстардың жүлдегері. Қазір Альбина Орал қаласында балалар Ұлттық спорт түрлері бойынша ОБЖСМ дайындалады. Жаттықтырушысы: Ерниязова Ализа Дастанқызы. Өз спортын ерекше жақсы көреді. Болашағын осы спорт түрімен байланыстырғысы келеді. Алдағы болатын үлкен дүбірлі жарыстарда үлкен биік белестерден көрінгісі келеді және оған қарай еңбектенеді.
2022 ЧРК Алматы жасөспірімдер арасында ІІІ орын (классика)
2023 ЧРК Тараз жастар рапид ІІІ орын (рапид)
Блиц І (блиц)
2023 1-ші оқушылар арасындағы ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ІІ орын (блиц)
2024 ЧЕХИЯ халықаралық жарыс І орын (классика)
І орын (рапид)
2025 Орал ЧРК жастар І (блиц)
2025 Қызылорда командалық ЧРК әйелдер арасында І орын (классика)
2025 Жезқазған ҚР кубогі әйелдер арасында ІІ орын (классика)
2025 Чрк Шымкент командалық чемпионат жастар арасында ІІІ орын (классика)
2025 2-ші ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ІІІ орын (блиц)
2026 Атырау чрк ІІІ орын (классика)
ІІ орын (блиц)
Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.
Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.
