Лидер года

Асылбекова Сарбина Мұратбекқызы


Мен, Асылбекова Сарбина Мұратбекқызы, 2012 жылы 22 маусымда Орал қаласында дүниеге келдім.

Қазіргі таңда Орал қаласындағы №48 жалпы білім беретін мектептің 9 «Б» сыныбында білім алып жатырмын.

Мен отбасындағы үлкен қызбын. Менен кейін 4 іні-сіңлім бар. Іні-сіңлілеріме қамқор болып, әрдайым қолдау көрсетуге тырысамын.

Мен 4 жасымнан бастап би үйірмесіне қатысып, көптеген жарыстар мен байқауларға белсенді түрде қатыстым. Әдебиет пәнінен олимпиадада II орын иелендім. Би бойынша көптеген жарыстарға қатысып, бірнеше рет бас жүлдемен оралдым.

Бос уақытымда достарыммен уақыт өткізгенді, бес асық ойнағанды және гитара тартқанды жақсы көремін.Мен үшін достықтың орны ерекше, сондықтан өзімді достыққа адал адам деп санаймын.

Әкем – Ашимов Мұратбек Асылбекұлы, 1987 жылы 1 желтоқсанда дүниеге келген.

Бес асық және асық ату спорт түрлерімен 3 жылдан бері айналысып келемін. 2024 жылғы 10-12 ақпан аралығында Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында өткен 2011-2013 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Батыс Қазақстан облысының чемпионатына қатыстым.

Сонымен қатар республикалық және облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар мен жеңістерге қол жеткіздім. Спортпен айналысу арқылы шапшаңдық, төзімділік және жауапкершілік қасиеттерімді дамытып келемін.Болашақта чемпион атанып, блогер әрі дәрігер болғым келеді. Алға қойған мақсаттарыма жету үшін жақсы білім алып, өзімді әр салада дамытуға тырысамын

Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.