Менің аты-жөнім – Тұраш Бибарыс. Мен 2011 жылдың 27 қарашасында Орал қаласында дүниеге келдім. Отбасымда 2 баламың. Қазіргі таңда Орал қаласындағы №50 жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбында білім алып жатырмын.
Отбасымда әкем, анам, інім, қарындасым бар.
Әкем Насиев Нурбек Турашович 02.05.1982 жылы БҚО Жаңақала ауданында дүниеге келген, №49 ЖОББМ дене шынықтыру мұғалімі, асық ату, бес асық спортының жаттықтырушысы.
Анам Мырзагереева Айнур Толегеновна 01.01.1981 жылы БҚО Қаратөбе ауданыңда дүниеге келген, №51 ЖОББМ дене шынықтыру мұғалімі, БҚО «Асық ату» ұлттық спорт федерациясының директоры, асық ату, бес асық спортының облыстық аға жаттықтырушысы.
Ағам Тұраш Әбіш Нұрбекұлы 14.09.2007 жылы БҚО Орал қаласында дүниеге келді Орал қаласында негізгі медициналық колледж – Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің 2 курс студенті.
Қарындасым Тұраш Зере Нұрбекқызы 03.02.2016 жылы БҚО Орал қаласында дүниеге келді №51 ЖОББМ 4 сынып оқушысы.
Мен қазақ халқының ұлттық спорт түрі – асық атумен айналысамын. Асық ату – дәлдікті, мергендікті, ептілікті және шапшаңдықты талап ететін спорт түрі. Мен осы спортқа қызығушылық танытып, тұрақты түрде жаттығып, түрлі жарыстарға қатысып келемін.
Спорттық жарыстарда жүлделі 1, 2, 3 орындарға ие болып, өз шеберлігімді шыңдап жүрмін. Әрбір жарыс мен үшін үлкен тәжірибе және өзімді сынауға мүмкіндік береді. Болашақта асық атудан бұдан да жоғары нәтижелерге жеткім келеді.
Спортпен қатар, мобилографияға да қызығамын. Бос уақытымда смартфон арқылы фото және бейне түсіріп, оларды өңдеумен айналысамын. Әртүрлі қызықты сәттерді түсіріп, шығармашылық қабілетімді дамытқанды ұнатамын. Бұл бағытта өзімнің шығармашылық қабілетімді дамытып, заманауи цифрлық технологияларды меңгеріп келемін.
Мен үшін асық ату – ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін спорт, ал мобилография – шығармашылығымды көрсетуге мүмкіндік беретін қызығушылығым. Осы екі бағытта да өзімді дамытып, жаңа жетістіктерге жетуді мақсат етемін.
Менің басты арманым – асық атудан биік белестерді бағындырып, туған қалам Оралдың және елімнің намысын абыроймен қорғау. Сонымен қатар мобилография саласында да өз қабілетімді дамытып, сапалы әрі қызықты дүниелер жасағым келеді.
Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.
Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.
