Ораз Мирас Нұргелдіұлы – 2015 жылдың 15 шілдесінде дүниеге келген. Қазіргі таңда «Қарқара орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің 5-сыныбында білім алып келеді.
Мирас – зерек, ізденімпаз, талапты әрі жауапкершілігі мол жас өрен. Ол білім алуға қызығушылық танытып, мектеп өміріне белсенді араласады. Әр ісіне тиянақты қарап, өз қабілетін жан-жақты дамытуға ұмтылады.
Мирастың ерекше қызығушылығы – тоғызқұмалақ ойыны. Ұлттық зияткерлік ойынға деген ынтасы оның логикалық ойлау қабілетін дамытып, сабырлы болуға, әр қадамын есептеп, дұрыс шешім қабылдауға үйретіп келеді. Тоғызқұмалаққа деген қызығушылығының нәтижесінде Мирас аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Бұл жетістіктері – оның табандылығы мен тынымсыз еңбегінің жемісі.
Мирастың тоғызқұмалақтағы қабілетінің қалыптасуына жетекшісі Күлсін апайының еңбегі зор. Ұстазының бағыт-бағдарымен шеберлігін шыңдап, жарыстарда өз мүмкіндігін көрсетуге талпынып келеді. Ұлттық ойын арқылы Мирас ұқыптылық, шапшаңдық, шыдамдылық пен табандылық қасиеттерін бойына сіңіруде.
Жас дарынның әрбір жетістігі – өзі үшін ғана емес, ата-анасы, ұстаздары мен мектебі үшін де үлкен мақтаныш. Білімге деген құштарлығы мен ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігі Мирастың болашағынан зор үміт күттіреді.
Ораз Мирас Нұргелдіұлы – «Жыл үздігі» атағына лайықты, өз мақсатына нық қадам басып келе жатқан жас өрен. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз.
Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.
Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.

