Айбекқызы Айсана 2012 жылдың 24 қыркүйегінде, Семей қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда «№38 жалпы білім беретін мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесінде білім алады. Қызымыз кішкентайынан спортқа бейім, әсіресе, волейболға қызығушылығы жоғары. Волейболдан аудандық және қалалық чемпионаттарда I орын иеленіп, өзінің табандылығы мен жеңіске деген жігерін көрсетіп келеді. Мінезі ақкөңіл, ақылды, мейірімді әрі жанашыр. Біз ата-анасы ретінде қызымыздың әрбір жетістігіне қуанып, оның болашағынан үлкен үміт күтеміз. Арманына жетіп, биік белестерді бағындырып, еліне сыйлы, халқына пайдалы азаматша болып өсуін тілейміз.
Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.
Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.
