Жанболатов Берке Нурболатович, 23.03.2015 жыл Талдықорған қаласында дүниеге келген, қазіргі таңда Қонаев қаласы «Аристократ» ТК 9-блок, 12 пәтере тұрады.
Талдықорған қаласындағы «Ален» балабақшасына 1 жастан енді аса сала барған еді. Талдықорған қаласының Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясында алғаш білім табалдырығын аттаған. облыстың ауысуына байланысты ата-анасы мемлекеттік қызметкер болғандықтан, 2 сыныптан бастап Қонаев қалалық № 3 орта мектебінде білім алды. Орта буынға өткенде емтихан тапсырып, Шоқан Уәлиханов атындағы №2 гимназиясына ауысты. Сабағы үздік.
Берке балам білімге құштар, спортқа бейімді соның ішінде еркін күреске 3 жасынан бастап барады, жарыстардан жүлделі орындармен аралады. Тұңғыш әрі аға бапкері - Бекбосынов Болат Шергалиевич, бапкері-Шаймуханбет Ришад Асылбекович. Жақсы көретін пәндері математика мен ағылшын, алайда балам барлық сабаққа ерекше мән береді, әр пәнге зерек.
Берке алғыр, ақылды, мейірімді, мінезі көрмекем. Шығармашылық қабілеті жоғары өлең оқиды, ән айтады, киноға түседі.
Бастауыш сыныптағы ұстазы – Абикенова Мира Токтархановна. Баламды шет тілін үйреніп, жауапты болып өсуіне атсалысқан ұстазы – Исаева Перизат Оразбайқызы, Орыс тілінен олимпиадаға, конкурстарға дайындап баламның тіл меңгеруіне көп үлесін қосқан ұстазы – Рахымбаева Куляш Шамуовна. Қазіргі таңда баламды білім нәрімен сусындатып, білімін одан әрі шыңдалуына атсалысып жатқан ұстазы, сынып жетекшісі-ағылшын ұстазы – Жарқынбаева Фариза Дәулеткелдіқызы.
Берке 9 жасында кастингтен өтіп, Мейрам кино студиясында «Атамның үйі» киносында басты рөлдерде ойнаған және JM Production кино студиясы арқылы кастингтен өтіп, қысқа метражды бірнеше киноларда ойнаған. Еркін күрестен республикалық, облыстық ашық турнирлерден, қалалық ашық біріншілігінде жүлделі орындар иеленіп, көптеген медальдары мен белдемелері бар.
Орыс тілі мен әдебиеті апталығында «Сөйлейтін жолдар» байқауына қатысып ІІ-орын алған. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығынан, «Ақбота» интелектуалдық олимпиадасынан алған жүлделі орындары бар.
Қонаев қаласы бойынша 2024 жылдың қорытындысы бойынша Берке жасөспірімдер арасында жыл үздігі номинациясын алды, Нәтижесінде «Everest» баспа үйінен арнайы жыл үздігі төс белгісімен және медалімен марапалды. Марапатты Қазақстанның еркін күрес шебері, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ақжүрек Достықұлы Таңатаровтың қолымен табысталды.
Бос уақытында еркін күреске қатысады және футбол ойнайды, шет тілдерін үйренеді.
Бала арманы – еркін күрестен әлем чемпионы болу.
Ал өскенде Қазақстанның Вице-Президенті болып, еліме қызмет етсем деген кішкентай жүректің үлкен арманы бар.
Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.
Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.
