Лидер года

Қанетқан Жаслан Дарханұлы


Мен, Қанетқан Жаслан Дарханұлы, 2011 жылдың 12 мамырында дүниеге келдім. Өскемен қаласында тұрамын. Қазіргі уақытта №35 орта мектебінің 9“Е” сыныбында оқимын.  Футбол спортымен он екі жасымнан бастап Өскемен қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде айналысып келемін.

Футбол – менің ең сүйікті спорт түрім. Футболмен шұғылдана бастаған алғашқы күндерден-ақ бойымда күш-қуат, төзімділік, шапшаңдық және өзіме деген сенімділік қалыптаса бастады. Бұл спорт түрі маған тек дене шынықтыруды ғана емес, сонымен қатар тәртіпті, жауапкершілікті, табандылықты және командамен бірлесе жұмыс істеуді үйретті.

Біздің командамыз өте ұйымшыл әрі тату. Бізге әрдайым қолдау көрсетіп, жеңіске жету жолында бағыт-бағдар беретін білікті әрі тәжірибелі жаттықтырушымыз бар. Жаттықтырушымыздың еңбегі мен үздіксіз жаттығулардың арқасында командамыз көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

Біз қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі футбол жарыстарына тұрақты түрде қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрміз.

Спорттық жетістіктерім:

• 2023 жылғы маусым - 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Спорт шебері Н.Н. Канабековты еске алуға арналған футболдан Шығыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты - ІІІ орын.  

• 2023 жылғы қыркүйек – Зайсан қаласында өткен «Футболдан 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Алтын күз» атты Шығыс Қазақстан облысының Ашық турнирі – ІІІ орын. 

• 2024 жылғы маусымның 17-сі – Балаларды қорғау күніне арналған 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасындағы футболдан Шығыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты – ІІ орын, Үздік ойыншы номинациясын алдым. 

• 2025 жылғы сәуір – 2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы «Жастар Лигасы» футзалынан ШҚО Ашық Чемпионаты – ІІ орын. 

• 2025 жылғы мамыр – 2011-2012 жылғы туған жасөспірімдер арасындағы ашық балалар футбол лигасы – І орын.  

• 2026 жылғы шілде – Шығыс Қазақстан облысы, Жаңа Бұқтырма кентінде өткен облыстық футбол жарысында І орын алдым.

• 2026 жылғы тамыз – Зайсан қаласында ұйымдастырылған республикалық футбол турниріне қатыстым.

• 2026 жылғы тамыз–қазан айлары – Өскемен қаласында өткен «Балалар футбол лигасы» қалалық чемпионатына қатысып, командамыз жүлделі III орынды иеленді.

Бұл жетістіктер – тынымсыз еңбектің, жүйелі жаттығулардың, командалық бірліктің және жаттықтырушымыздың кәсіби шеберлігінің нәтижесі.

Мен футболды ерекше жақсы көремін және болашағымды осы спорт түрімен байланыстырғым келеді. Алдағы уақытта да шеберлігімді шыңдап, жаңа белестерді бағындырып, еліміздің намысын жоғары деңгейдегі жарыстарда қорғауды армандаймын.

Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.