Мен, Хурмет Алдияр Жігерұлы, 2012 жылдың 30 мамырда дүниеге келдім. Өскемен қаласында тұрамын. Қазіргі уақытта Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінің 9“А” сыныбында оқимын. Футбол спортымен жеті жасымнан бастап Өскемен қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде айналысып келемін.
Футбол – менің ең сүйікті спорт түрім. Футболмен шұғылдана бастаған алғашқы күндерден-ақ бойымда күш-қуат, төзімділік, шапшаңдық және өзіме деген сенімділік қалыптаса бастады. Бұл спорт түрі маған тек дене шынықтыруды ғана емес, сонымен қатар тәртіпті, жауапкершілікті, табандылықты және командамен бірлесе жұмыс істеуді үйретті.
Біздің командамыз өте ұйымшыл әрі тату. Бізге әрдайым қолдау көрсетіп, жеңіске жету жолында бағыт-бағдар беретін білікті әрі тәжірибелі жаттықтырушымыз бар. Жаттықтырушымыздың еңбегі мен үздіксіз жаттығулардың арқасында командамыз көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді.
Біз қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі футбол жарыстарына тұрақты түрде қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрміз.
2022 жылы спорттық жетістігім:
• 2022 жылғы қыркүйек-қазан айлары - Өскемен қаласында өткен DFL OSKEMEN "Балалар футбол лигасы" қалалық чемпионатына қатысып командамыз жүлделі 3 орын иеленді.
2023 жылы спорттық жетістігім:
• 2023 жылы шілде айында - Жаңа Бұқтырма кентінде өткен ҚРСШ Н. Н. Канабековты еске алуға арналған 2011-2012 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан ШҚО ашық Чемпионаттан командамыз жүлделі 3 орын иеленді.
2024 жылы спорттық жетістігім:
• 2024 жылғы тамыз-қазан айлары - DFL OSKEMEN "Балалар футбол лигасы.
2025 жылғы спорттық жетістігім:
2025 жылғы қыркүйек - Өскемен қаласында өткен "Серебряный ПЛЕЙ-ОФФ" Барс лигасына қатысып командаммен 2 жүлделі орын иеленді.
2026 жылғы спорттық жетістіктерім:
Бұл жетістіктер – тынымсыз еңбектің, жүйелі жаттығулардың, командалық бірліктің және жаттықтырушымыздың кәсіби шеберлігінің нәтижесі.
Мен футболды ерекше жақсы көремін және болашағымды осы спорт түрімен байланыстырғым келеді сонымен қатар болашақта Ағылшын пәнінің ұстазы болғым келеді. Алдағы уақытта да шеберлігімді шыңдап, жаңа белестерді бағындырып, еліміздің намысын жоғары деңгейдегі жарыстарда қорғауды армандаймын.
Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.
Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.

