Лидер года

Сағындық Шыңғыс Нұрлыбекұлы


Мен, Сағындық Шыңғыс Нұрлыбекұлы, 2011 жылы қыркүйек айының жиырма төртінде Ақтөбе облысы, Ембі қаласында дүниеге келдім. Отбасымда 7 адам бар: әкем – мұнайшы, анам – мұғалім, әжем – зейнеткер, ағам, қарындасым және інім бар. 2018 жылы "Ембі қалалық №2 орта мектеп" КММ-не 1-сыныпқа аяқ бастым. 2020 жылы мектебімізде алғаш рет дзюдо спорт түрінен Жұма Ерімбет бапкеріміздің бастауымен үйірме ашылды. Міне, сол кезеңнен бастап менің спорт жолындағы өмір жолым басталды. Бапкерім мені мықтылыққа, шыдамдылыққа, табандылыққа үйретті. Қазақстанның біршама қалаларына жарысқа барып, жүлделі орындарым да болды. 2022 жылы отбасыммен бірге Ақтөбе қаласына қоныс аударып, "№31 қазақ орта мектеп" КММ-де білім алудамын. Әкем мені спорттан алыстап қалмасын деп бірден "Жастар" спорт мектебіне берді. Сүйтіп сүйікті ісім болып кеткен дзюдоны әрі қарай жалғастырдым. Бапкерлерімнің шыңдауы мен еңбектерінің арқасында мен Қазақстанның біраз қалаларына және басқа да елдерге жарыстарға баруға мүмкіндік алдым. 2026 жылы арманым болып, сол үшін тер төккен "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткері" атағын алдым.

Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.