Лучшие учителя

Абдильдина Зауре Садуақасқызы



АБДИЛЬДИНА ЗАУРЕ САДУАҚАСҚЫЗЫ 1973 жылы 15 ақпанда Қарағанда облысы, Ақтоғай ауданы, Нүркен селосы, Бірлестік ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Нүркен Әбдіров атындағы орта мектепті аяқтап, Саран қаласындағы Абай атындағы  педогогикалық училищені 1992 жылы аяқтадым. 2004 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Педогогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша диплом алдым. Еңбек жолын туған ауылым Бірлестік ауылында 1992 жылы бастап 12 жыл еңбек еттім. Балқаш каласы білім бөлімінің "Әл-Фараби атындагы жалпы білім беретін мектебі" КММ-сінде 2004 жылдың қыркүйек айынан бастап бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеймін. Білімім жоғары, жалпы еңбек өтілім 31 жыл, санатым педагог-зерттеуші. 2022-2023 оқу жылы бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі болып қызмет жасадым. 2004 жылы директордың оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі қызметін атқарудамын.

     Жолдасым Тұрсынұлы Бауыржан Абай атындағы Саран педогогикалық училищесінің «Еңбек және сызу пәндерінің 4-8 кластарда сабақ беру» бөлімін бітіріп Бірлестік ауылында 1996 жылға дейін қызмет жасады. Кейіннен жеке шаруашылықпен айналысты.

Отбасымызда 3 қыз, 2 ұл тәрбиелеп өсіріп отырмыз. Қыздарым тұрмыс құрып, жиендердің қылығын қызықтап отырған ата-әжеміз.

Марапаттарым:

– 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен АЛАМАН құрақ жобасына қатысқан үшін сертификатымен марапатталдым, 2024 жыл;

– Қазақстан рекордтар кітабы Сертификатымен марапатталдым 08.09.2024 Астана қаласы, Этноауыл Құсбегі алаңында тіркелген №0024\243-2024;

– ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ ЖОЛЫНДА ҚОЛ ЖЕТКЕН ТАБЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ГҮЛДЕНУІНЕ ҚОСҚАН ЗОР ҮЛЕСІ ҮШІН Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталдым, Министр Ғ.Бейсембаев Астана – 2024 №2024-2\0008148;

– БАЛҚАШ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ;

– Балқаш қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны және әлеуметтік экономикалық дамуына қосқан үлесі мен мінсіз еңбегі үшін марапатталдым, Балқаш қаласының әкімі С.Сатаев.

Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.