Сәти Мәдина Жақсыбайқызы – Түркістан облысы, Жетісай қаласындағы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің «Дизайн және өнер» кафедрасының меңгерушісі, музыка пәнінің оқытушысы. Еңбек өтілі – 12 жыл. Білімі – жоғары. Педагог-модератор.
Ұстаздық еткен жылдар ішінде өзін тәжірибелі маман ретінде жан-жақты таныта білді. Аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық мәдени-көпшілік іс-шараларға белсене қатысып, тәжірибесімен бөлісіп келеді. Студенттері олимпиадаларға, түрлі шығармашылық конкурстарға қатысып, жүлделі орындар иеленуде.
Білім беру саласындағы жетістіктері үшін мекеме басшысынан, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымынан, үздік шәкірттер дайындағаны үшін «Таланттар әлемі» шығармашылық орталығынан, «Ғұмырдария» балалар байқауынан және «ULY DALA USTAZY» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналынан Мақтау қағаздары мен Алғыс хаттарға ие болған.
Республикалық «Білім шыңы – ғылым сыры» журналына «Математика және музыка», ал «ULY DALA USTAZY» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналына «Қазақтың ұлттық аспаптарын музыка сабағында қолданудың тиімді жолдары: домбыра мен дауылпаз» тақырыбында мақалалары жарияланған.
Сонымен қатар, «Хормейстрлік шеберлік дағдыларын, вокалдық-хор орындаушылықты, вокалдық жұмыс әдістемесін меңгеру», «Негізгі және қосымша аспаптарда педагогикалық репертуардың, аспаптық және вокалдық жанрлар шығармаларын орындау» атты әдістемелік құралдардың авторы.
Студенттері:
Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.
Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.
