Төлебай Қуаныш Құрманғазыұлы 11.09.1995ж. Ақтөбе облысы, Хромтау қаласында дүниеге есігін ашты. Волейбол спортына 2018 жылы келіп, қазіргі таңда Хромтау қаласында бапкерлік жұмысын жалғастырып келеді. Осы уақытқа дейін қала, облыс, республикалық және халықаралық біріншіліктерінің жеңімпаздары. Айта кетсек, РФ (Соль-Илецк, Болокова, Оренбург, Екатеренбург, Челябинск, Москва), Башқортостан (УФА), Өзбекстан (Ташкент) елдерін мойындатты. Одан бөлек, Қазақстан Республикасының қыздары арасындағы чемпионатының чемпиондары және жүлдергерлері. Қуаныш бапкердің дайындаған спортшыларының арасында еліміздің намысын қорғаған қыздарда аз емес. Солардың бірі, Беркімбаева Аружан, Айғалқа Жадра, Жаңабаева Сағыныш, Айтуған Наргиз, Волга Виолетта, Карина Балмухамбетова, Серік Рабия, Асқарова Асия. Бұл спортшылар бүгінгі күні ҚР Ұлттық лига және жоғарғы лигаларында ойын көрсетеді. Бұдан бөлек бапкердің қазіргі дайындап жатқан болашақ жұлдыздарыда аз емес. Жергілікті жерден бұдан әрі көп волейбол ойыншылары шығатынына сенімі мол бапкердің еңбегі елеусіз қалмайтынына анық көз жеткізуге болады. Алдағы жарыстарға және жұмысына сәттілік тілейміз!
Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.
Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.
