Лучшие учителя

Жұмашева Аружан Талғатқызы


Мен, Жұмашева Аружан Талғатқызы, 2002 жылғы 25 маусымда Абай облысы, Аягөз қаласында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын.

 

2009 жылы Аягөз қаласындағы Кешірімхан Бозтайұлы атындағы мектептің 1-сыныбына қабылданып, 2020 жылы орта мектепті аяқтадым.

 

2020 жылы Абай облысы, Семей қаласындағы Шәкәрім университетіне оқуға түсіп, 2024 жылы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірдім.

 

Еңбек жолымды 2024 жылы Семей қаласындағы «Абай Арена» спорт кешенінде орналасқан «Намыс» спорт клубында жүзу жаттықтырушысы қызметінен бастадым. Қазіргі уақытта Су және ойын спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің «Абай Арена» спорт кешенінде жаттықтырушы қызметін атқарып келемін.

 

Қазіргі қызметімде балаларды жүзу спортына баулып, олардың спорттық шеберлігін шыңдауға, жарыстарға дайындауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосып келемін.



Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.