Лучшие учителя

Сарсенгалиев Асылжан

Сарсенгалиев Асылжан Кушкинбаевич
Ж.Нәжімеденов атындағы №2 орта мектепте директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

1993 жылы 15 қыркүйекте Атырау облысы, Махамбет ауданы, Редут ауылында дүниеге  келді. 2001-2011 жылдары аралығында Редут орта мектебінде білім алған. 2011-2015 жылдары Халық Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде гуманитарлық білім бакалавр, 2015-2017 жылдары гуманитарлық ғылымдар магистр мамандығын алып шықты. 2015-2021 жылдар аралығында Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінде тарих пәні мұғалімі қызметін атқарды. Оқушылары аудандық, облыстық, республикалық олимпиаданың жүлдегерлері. 2019-2020 жылдары аталған мектепте тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Шәкірттері театрландырылған көріністерден аудан, облыс көлемінде жүлдегер атанды. 2021-2022 оқу жылынан бастап Атырау облысы жалпы білім беретін Ж.Нәжімеденов атындағы №2 орта мектепте директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып жатыр.

Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.