Ученики

Хасен Байкелді


Ата-ана баласына айна. Сондықтан да отбасында қандай қарым-қатынас болса, бала ата-анасының айна-қатесіз көшірмесі болатыны даусыз. Баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы бұл әрине оның отбасы болып саналады. Ата-анасы өмірдің мақсаты, оның құндылықтары туралы алғашқы мәліметтерді береді. Отбасындағы әртүрлі жағдайлар, басқалармен қарым-қатынас орнату, өзін қалай ұстау керек деген сияқты өмірлік сан-алуан дағдыларды бала санасына сіңіріп есейеді. Сөйтіп, ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау өлшемдері қалыптаса береді. Сонымен қатар қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын түсінеді, әділдік пен адалдық туралы ұғымдарын бірте-бірте кеңейтеді.
Осы орайда, бала тәрбиесі қай кезеңде де жауапкершілігі мол екеніне бағзы заманнан бері айтылып келе жатқан халық даналығы куә екенін көруге болады. «Бала әкеден не кете туады, не жете туады, не өте туады» деген сөз бар ғой қазақта. Байкелді ата-әжесінің, ата-анасының, әпкесінің сүйіспеншілігіне бөленіп ержетіп келе жатқан бала. Атасы марқұм Өнербаев Қасен 1947 жылы 20 мамырда дүниеге келген. Ол ҚР ІІБ МАИ қызметкері болып, өз саласында абыройлы қызмет етіп, ардақты ардагер болған азамат. Байкелді немересіне ерекше ықыласын қойып, аңыз-әңгіме, ертегілермен сусындатып, тәлімін берген ардақты жан болатын. 2019 жылы өмірден озған атасын Байкелді қатты жақсы көрді, атасының ақылын алып ержетіп келе жатқан ол ақылды да зерек. Бүгінде отбасында апасы Оспанбекова Захария Нұрсейітқызы 1947 жылы 27 шілдеде дүниеге келген.
40 жыл бойы ұстаз болған, ұлағатты жан. Қазір құрметті зейнет демалысында. Байкелдінің алғашқы ұстазды десек артық айтпаған болар едік. Себебі алғаш әріп танытып, оқу үйреткен жан апасы болатын. Әкесі Данияр Қасенұлы заң саласының қызметкері. Анасы Кенжеева Құндыз ал әкпесі Толғанай Байкелді үшін қымбатты жандар.
Хасен Байкелді Даниярұлы 15 шілдеде 2008 жылы Алматы қаласында туылған. Бүгінгі күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үмбетәлі ауылында тұрады. Үмбетәлі орта мектеп жанындағы шағын орталық балабақшасында тәрбиеленді. Ондағы Нұргүл, Динара, Гаухар, Сәндігүл, Айнара есімді тәрбиешілерін ерекше жақсы көреді. Балабақшадан кейін Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылындағы С.Серкебаев орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданып, алғашқы ұстазы Көшекбаева Гүлбану Төребекқызынан тәлім-тәрбие, білім алып, онда 4 сыныпқа дейін оқып, озат оқушы атанды. Ал, 5 сыныптан бастап Үмбетәлі орта мектебіне ауысты, сынып жетекшісі Нұрғазиева Гүлхан Елубайқызын қатты құрметтейді.
Оның жайдары мінезі мен әр оқушысына теңдей қарап көңіл бөлетіні, әрқайсының көңіл-күйін айтпай ұғатын қасиеті, оқушыларына мейіріммен қарап, сабағын қызықты әрі түсінікті етіп өткізетіні үлгі боларлық. Байкелді бірінші сыныптан бері оқу үздігі, алгебра, геометрия, химия, тарих пәндерін сүйіп оқиды. Сол пәндерден өтетін жарыстарға да қатысып, жүлделі орындар алған. Сыныбында ұйымдастыру шараларында өнер көрсетіп, ылғи да белсенді түрде атсалысады. Қашан да өзіне тапсырылған әр іске үлкен жауапкершілікпен қарап, қандай істі болса да тыңғылықты орындауға тырысып жүреді. «Эрудит» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған «Жүсіп Баласағұнның туғанына 1000 жыл» атты қашықтық олимпиадасына қатысып, жүлделі 1 орынды иеленген. Математика пәндерінен әртүрлі олимпиадаларға қатысып, жеңістерге жетіп, бірнеше рет жүлделі орындар алған.
Сабақтан тыс уақытында Алматы қаласындағы Орталық стадионда кәсіби түрде «Самбо» спортымен айналысады. Сонымен бірге футбол ойнағанды да ұнатады. Спортпен шұғылданатын ол ҚР Тәуелсіздігі күніне орай балалар мен жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен өткен Райымбек ауданының ашық біріншілігінде 1 орын алған. 2006-2008 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы Қапшағай қаласында өткен облыстық ашық біріншілігінде жүлделі орын алып, дипломмен марапатталған. Тыңғылықты әрі спортқа жаны құмар Байкелді бос уақытында Алматы стадионына арнайы барып футбол ойнайды. Самбоға да қатысады, қазіргі уақытта Жұмабеков Арман Владимирұлымен бірге жаттығып жүр.
Байкелді 7 сыныпты бітірген соң Алматы қаласындағы Жәутіков атындағы физика-математика мектебіне түссем деген талабы бар. Болашақта атасы және әкесі сияқты заң қызметкері болғысы келеді.
Баланың жақсы қасиеттерін, әрекеттерін көргенде кейде оны мақтау да артықтық етпейді. Өйткені бұндай жылы сөздерден кейін олар жақсылыққа ынталанады. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы «Балам деген ел болмаса, елім деген бала қайдан шығады» деген ұлы сөзі бүгінгі күні де өзектілігін жойған жоқ. Байкелдінің талабына нұр жаусын дейміз.

Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.