Ученики

Бегімбеков Ғани


Үлкенге құрмет көрсетуді, кішіге қамқорлық жасауды білетін Ғанидың мінезі ашық, ақкөңіл, әр іске жауапкершілікпен қарайтын ақылды ұлан. Қай кезде болмасын ата-анасының айтқанын орындап, мектепте үлгілі оқушылар қатарынан көрініп жүреді. Арманы асқақ Ғани ізденімпаз, білімге құштар, жан-жақты, сабағын бар ынта-ықыласымен оқып, салауатты өмір салтын ұстанады.
Бегімбеков Ғани Берікұлы 2008 жылы наурыз айының 19 күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үмбетәлі ауылында дүниеге келді. Бүгінгі күні сол туған жері Үмбетәлі ауылында тұрады. 2005 жылы Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектепке дейінгі шағын орталығы КММ-нің бірінші сыныбына қабылданып, қазіргі уақытта 7 «Б» сыныбында оқиды. Ғани бастауыш сыныбынан бастап қазақ тілі, математика, жаратылыстану пәндерін қызыға оқып, мектепішілік байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген үлгілі оқушылардың бірі. Мектептегі қоғамдық шараларға белсене қатысады, өзіне берілген істерді аяғына дейін жеткізбей тынбайтын еңбекқор оқушы. Сыныбының ғана емес, мектептің мақтанышы болған Ғани қандай да жақсы істерімен ерекшеленіп үнемі көзге түсіп жүреді. Сынып жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Нұрғазиева Гүлхан Елубайқызы бірнеше жарыстардың жүлдегері, мықты әрі білікті ұстаз. Математика пәнінің мұғалімі Бауыржан Оралған апайы да керемет озат ұстаз. Сондай білікті де білімді ұстаздардан тәлім-тәрбие алып отырған Ғани да оның сыныптастары да талай пәндік жарыстарда оза шауып, жүлде алып келеді. Расында сүйікті ұстаздарының үздік оқушыларына деген еңбектері зор, ұшан-теңіз деуге болады.
Жас жеткіншектерге тәлім-тәрбие беруде спорттық ұйымдардың атқаратын рөлі аз емес. Бос уақытын ұтымды пайдаланып қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстануына ұйытқы болып, әрі еліміздің болашақ азаматтарының бойында қайсар мінез бен темірдей тәртіптілікті қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі екені рас. Мектеп жасындағы балалардың спортқа деген құмарлығы жыл өткен сайын артып келе жатқандығы қуантады. Ғани да бос уақытында бокс үйірмесіне барады. Епті әрі шапшаң қимылдайтын Ғани бокстағы жекпе-жегінде қарсыласынан кем түспейді. Ол өзінің бойындағы мінез бен ерік-күшін тәрбиелеуде, табандылық пен төзімділікті қалыптастыруда бокстың пайдасы өте көп екенін біледі. Расында бокста жетістікке жеткен бала кейін өмірде де табысқа жетеді. Сонымен қатар, ол қазақтың ұлттық ойыны «Көкпарға» да қатысады. Көкпар қазақ баласына таныс ат ойыны. Әсіресе, ұлттық мереке Наурыз айында айшықталатын бұл ойын түрі Ғаниға қатты ұнайды.
– Менің арманым заңгер болу. Құқық саласында еңбек ету үшін білімділік пен күш-қайрат та керек. Метебімді, ұстаздарымды мақтан тұтамын, барлық сыныптастарымды жақсы көремін. Біз бір үйдің балалары секілдіміз, себебі бір-бірімізге ылғи да көмектесіп жүреміз. Жеткен жетістіктеріміз үшін бірге қуанамыз. Сыныптастарымның арасында өзім секілді спортқа құмар достарым да бар. Барлық пәнді жақсы көремін, алайда дене шынықтыру пәні мен үшін ерекше. Бүгінде пәндік олимпиадалардан және бокстан алған марапаттарым көп. Сыныптастарыма да достарыма да спорттың адамға пайдалы екенін айтып жүремін. Олардың да қандай да бір спорт түріне қатысқанын қалаймын. Дене жаттығуымен айналысқан адамның дені сау, мықты азамат болатынын жақсы білемін. Білімді болуыма анамның, шымыр болуыма әкемнің еңбегі зор. Мен ата-анамды және ұстаздарымды қатты құрметтеймін, - дейді Ғани.
Мектеп кітапханасынан шықпайтын ол қолы босаған кезде түрлі әдеби кітаптарды оқығанды ұнатады. Ғани болашақта заңгер болуды армандайды. Үлгілі оқушының ұлттық жарыстарында жеткен жетістіктері де жетерлік. Ол 2019 жылы Жамбыл ауданында «Мектеп лигасы» бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық «Асық ату» жарысында І орын алды. 2018 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы Жамбыл ауданының 90-жылдығына арналған бокстан кіші жасөспірімдер арасында ауданның ашық біріншілігінде 30 кг салмақ дәрежесінде ІІ орынға ие болды. 2019 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы Бокстан кіші жасөспірімдер арасында запастағы полковник, спорт ардагері Ыбытаев Сейітқали-Серікқажы Есімбекұлының 65-жасқа толуына орай өткізілген облыстық турнирде 32 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, ол Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп МДШО «Білім көзі – бастауыш» атты онкүндігі барысында белсене қатысқаны үшін марапатталады. 2018 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы Бокстан кіші жасөспірімдер арасында Жамбыл ауданының ашық біріншілігінде 30 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын, Халықаралық ПОНИ сайысынан сертификат, 2020 жылы «Архимед» математикалық сайысынан сертификат алды.
Болашақтың тұтқасын берік ұстайтын бүгінгі жас өреннің таудай талабына сүйсінесің де. Еліңнің мақтанышы, ата-анаңның көз қуанышы болатын, елге пайдаң тиер азамат болып ержет Ғани демекпіз!

Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.