![]()
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Бүгінгі жаһандану үдерісі шапшаң жүріп жатқан уақытта ұлттық тәрбие, ұлттық рухты жоғалтпау – үлкен міндет екені бәрімізге мәлім. Зейінді ұрпақ – ел болашағы. Тәуелсіздік алғанымызға отыз жылдан енді асса да, дархан даланы жайлап жатырған қазақ елін әлем танып үлгерді. Тарих тасы мыңжылдықтармен таңбаланған Қазақстанды әлемге танытып, әнұранын әуеле шырқатқан осы, талантты ұл-қыздары. Әлем өзгерді. Болашақ – жүрегінде жалыны мен қабілеті бұғып жатырған, өнер мен спортты серік еткен, сабырлылық, табандылық, қайрат, еңбек сүйгіштікпен қаруланған бүгінгі шәкірттердің қолында. Сондықтан, талантты жастардың қолдау, оларды үлкен өмірге жетелеу бүгінгі біздің міндетіміз.
Қазақ елінің қай өңірі де тума таланттарға толы. Оның дәлелі, бүгінгі таңда өткізіліп жатырған өнер фестивальдары, спорттық сайыстар, білім жарыстарында сауырына қамшы салдырмай оза шауып, жеңімпаз атанып жүрген шәкірттер. Талантты жас қандай істе де қабілетті. Талант – екінің біріне қона бермейді. Ол жүздің емес мыңның ішінде таңдап қонатын ерекше қасиет. Осы бір ерекше қасиетті бойына сыйдырып, ілгері жүріп келе жатқан, жүрегі Отан деп соғатын, Жаратқанның ерекше сыйы – қабілет бойынан табылатын жастар – ертеңгі күні, мәңгілік ел болуға ұмтылған Қазақстанның жарқын болашағы.
Осы мақсатта бұқаралық ақпарат айдынында өзіндік орны бар, бірнеше балалар кітабының құрастырушысы «EVEREST» баспа үйі ерекше жобаны қолға алып отыр. Ол – ойы ұшқыр, шығармашылық талпынысы күшті, озық ойлы, тың идеялы жеткіншектердің басын біріктіріп, өнер әлеміне одан әрі жетелей түсетін «Шыңға барар жол – Покоряющие вершины» басылымы. Бұл жинаққа өз ортасының үздіктері, аламанда топ жарған жүйріктер, білім саласы, ғылым, спорт пен өнер, шығармашылық пен өзге де салаларда қара үзіп шыққан, аудандық, облыстық, қалалық, республикалық, халықаралық дәрежедегі интеллектуалдық, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен дарынды ұл-қыздар енгізілген.
Олар өнерлі жастар ғана емес, Қазақстанның мақтаныштары!