Басылымдар

Эдельвейс


Ғайни кішкентайынан ақылды әрі зерек бала болды. Үлкеннің айтқанын ұғып ала қоятын, сұраққа ойланып жауап беретін, өзіне айтылған ақылды дұрыс түсіне қоятын ол, кімге де болмасын тек жақсылық жасағысы келіп тұрады. Шығармашылыққа жаны құмар ол Абайдың, Ыбырай Алтынсаринның өлеңдерін сүйіп оқиды. Ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқығанды жақсы көреді. Ашық мінезді бала өзінен кіші қарындасына қамқор аға. Көппен тез тіл табыса алады. Араласатын достары да көп. Достарының бәрімен тату. Ылғи да ұқыпты жүреді, тазалықты жаны сүйеді. Уәдесіне берік, берілген тапсырманы уақытылы орындауға тырысып жүреді.
Жүргенбай Ғайни Болатұлы 2012 жылы 26 қаңтарда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Ол алғаш рет Жанабілова Гүлнұр басқаратын «Ақбөпе» балабақшасына барды. Ондағы тәрбиешісі Амантаева Айжан болса, одан кейін Шу қаласындағы Элла Бекбасова басқаратын «Мөлдір» балабақшасында 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін тәрбиеленді. Тәрбиешілері Амантаева Айжан мен Сәуле Фёдоровна өздерінің білімділігімен, мейірімділігімен, мол тәжірибиесімен терең тәрбие берді.
Ғайни балабақша қабырғасынан сурет сабағын, қолөнер, дене шынықтыру, ән сабақтарын жоғарғы деңгейде меңгеріп шықты. Мықты тәрбиешілердің үлкен еңбектерінің арқасында Ғайни көптеген жетістіктерге жетіп, өнерлі де білімді болып, балабақшадағы мерекелік іс-шараларға, ертеңгіліктерге белсене қатысып, өнері мен білімі үшін көптеген мақтау қағаздарына ие болды. Қазіргі уақытта Шу қаласындағы Ардақ Джангарашева басқаратын «Жібек Жолы» мектеп-лицейінде үздікке оқиды. Бұл мектепте жоғарғы дәрежедегі мұғалімдер сабақ береді. Пәндердің ішінде қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілін математиканы ерекше сүйіп оқиды. Үш тілде еркін сөйлей алады. Сонымен қатар, Қазақстан тарихын оқып білуге қызығады, көп ізденеді. Қазақстан тарихы жайында көп білгісі келеді. Ғайни ежелгі тарихи киноларды қызыға көреді, ежелгі тарихтағы адамдардың өмірі мен тұрмыс тіршілігі және қазіргі замандағы өмірді салыстыра отырып, өзінің пікірін білдіре алады. Жоғарғы сыныптардың астрономия, физика пәндерін қызыға оқиды және өзінің ой-қиялымен астрономия физика приборларымен ерекше бір дүние ойлап табуды мақсат етіп жүр. Сынып жетекшісі Надежда Николаевна Шапкина тәртіпті, оқу озаты, сыныптастарының арасында беделді әрі көшбасшы шәкіртімен мақтанады. Ол жоғарғы дәрежедегі ұстаздардың қатарында. Көптеген жарыстардың жүлдегері. Осындай тәжірибесі мол ұстаздан тәрбие алып жүрген Ғайнидың үздік болмауға да қақысы жоқ. Ол мектеп ішіндегі, ауданаралық, облыстық көптеген пәндерден олимпиада жарыстарының жеңімпазы. Халықаралық «Пони» байқауларына қатысып, дипломдармен марапатталды. Халықаралық ағылшын тілінен «BRITISH BULLDOG» конкурсында І орын иеленсе, «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» қолөнер байқауынан диплом алды. Пони халықаралық конкурсынан сертификат иегері атанса, «Золотое руно» сайысынан дипломға ие болды. «Отан сүйер Ұлан бол» сайысынан грамотамен марапатталды.
Ғайни өте еңбекқор. Бос уақытында үйде әкесіне үй шаруашылығына көмектеседі. Мәселен, малдарға жем, шөп, су беру деген сияқты жұмыстар. Жаз мезгілінде бақшадағы жемістерге су құю, тал, ағаштар отырғызу секілді жұмыстарды істейді. Футбол ойынын ойнағанды ұнатады. Спорт, музыка, қолөнер, әр пәнінен үйірме жұмыстарына барады. Спорттың ішінде футболға бейімді. Конструкторлардан үлкен-үлкен зәулім үйлер, қалашық, автокөліктер құрастыру қабілеті зор.
Болашақта заңгер болуды армандайды. Атасы Бекешев Жүргенбай зейнеткерлікке дейінгі уақытта халыққа заңгерлік қызметін адал атқарған, әкесі Болат, ағасы Ғазиз де заң саласында абыройлы қызмет етуде. Заңгерлік Бекешевтер отбасында атадан балаға жалғасып келе жатқан мамандық деуге болады. Ғайни де соларға ұқсап елін сүйетін халыққа адал еңбек ететін, Отан қорғайтын, отансүйгіш, патриот заңгер болуды армандайды. Осы жолда анасы Рахимбаева Аида да баласына барлық жағынан қолдау көрсетіп, алға қарай демеп келеді.
Алтын ұя мектебіңді үздікке аяқтап, ата-анаңның үмітін ақтап, ұстаздарыңның мақтанышы атанып, еліңе елеулі, халқыңа қалаулы азамат болуыңа шын ниетпен тілектестігімізді білдіреміз!

Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.