Басылымдар

Эдельвейс


Шаяхмет Қайрат Мирасұлы 2004 жылы 15 шілдеде Қостанай қаласында дүниеге келген. Ақылды да алғыр Қайрат 2006 жылы №7 балабақшаға барды. Балабақшаны ойдағыдай жақсыға аяқтап шыққаннан кейін ол 2011 жылы №24 мектеп-гимназиясына 1 «А» сыныбына қабылданды. 2014 жылы 3 сыныпқа көшетін уақытта №5 мектеп-гимназиясына ауысты. Кейіннен үйінің маңайында жаңа мектеп салынып, 2015 жылы 7 сыныпта сол жаңа мектепке тест тапсырып, одан жақсы көрсеткішпен өтіп, 8 сыныпта «Озат» «МАТМЛИ» ІТ-мектебіне оқуға түсті. Қазіргі таңда сол мектепте 11 «А» сыныбында оқып жүр.
Ақылды да алғыр, жан-жақты ізденімпаз өрен физика, информатика пәндерін ерекше қызыға оқиды. Жақсы көретін пәндері бойынша 
қосымша тапсырмалар алып орындайды. Өз бетінше ізденіп, кітапханалардан қажетті оқулықтарды алып оқиды. Басқа да пәндерді түсініп оқып, үздіктер қатарынан түспеуге барын салып жүреді. Оқу-білімге деген ынта-ықыласы өте зор. Сынып жетекшісі Төлеміс Жұлдызай Серікқызы және Гаппаров Жахангир Абдразақұлы ұстаздарына деген құрметі шексіз. Осы ұстаздарының көмегімен Қайрат облыстық, республикалық ғылыми жұмыс жасап, жүлделі І орын алып, Алтын медальға ие болған еді.
Соңғы күндердің жаңалығы болған Қайрат үшін үлкен жеңіс пен жетістік бар еді... Ол, он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін, мақсаты биік, талпынысы зор, бәсекеге қабілетті, өзіне сенімді тұлға болып қалыптасып қана қоймай, өз уақытын бүгіннен бастап тиімді пайдалана отырып, болашағына білімі мен қабілеттерін жетілдіріп келе жатырған республика деңгейіндегі үздік оқушыға берілетін «Елбасы медалі»-нің иегері атанды. «Жүйрікте де жүйрік бар, қазанаты бір бөлек» деген, жүйріктер оза шапқан додаларда Жеңімпаз атанып жүрген талантты Қайраттың бұл ең үлкен жеңісі еді.
Қайрат ашық жарқын мінезді, байсалды, тәртібі жағынан үлгілі оқушылар қатарында. Үлкеннің ақылын тыңдап, басқаны сыйлауды біледі. Көппен тез тіл табысады. Сыныптастармен және мұғалімдермен қарым-қатынасы өзара түсіністікке, қолдауға, ынтымақтастыққа толы. Қоғамдық тапсырмаларды орындауға жауапкершілікпен қарайды. Қайрат 6 жасынан бастап спорт-бал билермен айналсып І, ІІ орындарды алды. 2010 жылы «Модель автомобиля» құрып жасағаны үшін І орын алып, облыстық «Қостанай таңы» газетінің алғашқы бетіне шықты. Ал, мектепте облыстық, республикалық жалпы мектептік іс-шараларға қатысып І, ІІ орындарды алды. 2020-2021 оқу жылында облыстық және республикалық ОҒК «Техника» секциясы бойынша І дәрежелі дипломмен, облыстық қашықтық биология олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Бірнеше рет байқауларға қатысып, сертификаттарға ие болды. Яғни, «Үздік логотип», «Мен қашықтықтан қалай оқимын», «Макет Астаны», «Өнерлі Өркен», «Менің Эко үйім», «Абай Әлемі» мадақтамаларымен марапатталды.
Бос уақытында өз қолымен түрлі модельдер жасайды. Үйге ағаштан жасалған және анасына неше түрлі керек заттарды жасап беруден жалықпайды. Гүлге арналған тіреулер, аяқ киімге арналған текше, тағысын тағы бұйымдарды жасайды. Кішкене күнінен спортқа жақын, ең сүйікті ойындары баскетбол мен теннис. Бала күнінен неше түрлі ғимараттарды және құрылыстарды жасап құрап ойнайтын Қайрат конструктор, лего ойындарында алдына жан салмайтын. Оның болашақта кім болмағы сол уақыттан бастап белгілі болған еді. Ол әкесі секілді инженер-архитектор болып, ата-анасының үмітін ақтап, мықты маман болсам деп арман етеді. Талабы таудай жасқа мектеп мақтанышы атанып, алтын белгі иеленіп, қалаған оқуына түсуіне, шын тілектестік білдіреміз!

Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.