2011 жылы 23 маусымда Абай облысы, Аксуат ауданы, Қарғыба ауылында дүниеге келген. Ю.Гагарин атындағы орта мектепте 7 сыныпта оқиды. Озат оқушы. Дамир 2 сыныптан бастап дзюдо күресіне қатыса бастады. Жаттықтырушысы Жақсылық Ерболұлының жетекшілігімен қысқа мерзім ішінде бірқатар жетістіктерге қол жеткізді.
– 2022 жылы М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебінде 2009-2011 ж.т. жасөспірімдер арасында аудандықтан 35 кг салмақта ІІІ орын алды;
– 2023 жылы 2011-2013 ж.т. Өскемен қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан ашық қалалық турнирден 42 кг салмақта І орын алды;
– 2023 жылы Абай жұлдыздары атты облыстық ашық турнирдан 42 кг салмақта ІІІ орын, Семей каласы;
– 2024 жылы 2011-2013 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнирдан 46 кг салмақта ІІ орын алды;
– 2024 жылы жасөспірімдер арасынан аудандықтан 46 кг салмақта І орын алды;
– 2024 жылы 2011-2012 ж.т. жасөспірімдер арасынан облыстық ашық турнирден 50 кг салмақта ІІІ орын алды;
– 2024 жылы Шығыс Қазақстан облысының ашық турнирдан 50 кг салмақта І орын алды;
– 2024 жылы Қарағанды қаласында 2010-2011 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Әлимхан Әбеуұлы Ермеков атындағы Мемориалы турнирдан 50 кг салмақта І орын алды;
– 2024 жылы KHAMZA OPEN CUP Алматы қаласында өткен жарыста 50 кг салмақта ІІ орын алды;
– 2025 жылы 2011-2012 ж.т. кіші жасөспірімдер арасынан Абай облысының ашық турнирдан 55 кг салмақта ІІІ орын алды.
Бұл жетістіктер Дамирдің табандылығы мен қажырлы еңбегінің жемісі болып табылады.
Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.