Кенжин Нұрислам Мырзабекұлы
![]()
Кенжин Нұрислам Мырзабекұлы
2009 жылдың 22-ші сәуір күні Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылында көп балалы отбасында дүниеге келді. Нұрислам ата-анасының қолдауымен әрі жанұясының үнемі тәрбиелік бағытта берген кеңестерімен, жоғары адамгершілік қасиеттер мен өзіндік құндылықтар қалыптастырып келеді. Бүгінгі күні М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының 9-шы сынып оқушысы, мектеп мақтанышы, сыныбының топ басшысы.
Әрқашан сабаққа жауапкершілікпен қарайды, сонымен қатар, сыныптастары мен мұғалімдері арасында ұжымдық жұмысқа бейімділігімен ерекшеленеді. Ол білім алуға деген ынтасын, сондай-ақ, ғылыми жұмыстар мен жобаларға қатысу арқылы көрсете білді. Оқушылар арасындағы республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде жаратылыстану пәнінен ІІ орын, информатика пәнінен І дәрежелі дипломдармен марапатталды. Спортқа деген қызығушылығы да ерекше. Баскетболға ерекше бейім. Себебі, баскетбол жаттықтырушысы Станислав Николаевич Кириллов өз тәрбиеленушісіне қолдау білдіріп, үнемі жігерлендіріп, айқын бағыт-бағдар беріп, мақсатқа жетуді талап етіп отырады. Нәтижесінде, аудандық, облыстық спорт түрінде үздік нәтижелер көрсетіп, мектепішілік жарыстарда жиі жүлделі орындардан көрінуде. Оқушылар арасында баскетболдан ашық аудандық "Жігер кубогы" турнирінде І орын, достық кездесу матчсінде І орын, қысқы ашық аудандық ойындарында ІІ орын, "Балалар күніне" арналған баскетболдан ашық аудандық турнирінде І орын, "Ең жақсы қорғаушы" атты мадақтамаларға ие болды. Нұрислам аудандық спорттық өміріне белсенді қатысқаны және әр түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары спорттық көрсеткіштері мен жетістіктері үшін мадақтамамен марапаттады. Сонымен қатар, Нұрисламның ең үлкен қасиеттерінің бірі – ол үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді әрдайым ұмытпайды. Бойында жоғары тәртіп пен адалдық, еңбекқорлық және өз-өзін дамытуға деген талпыныс басым. Бұл қасиеттер оны сыныптастарының, білім ошағының арасында құрметке ие етеді.
Қорыта келгенде, Нұрислам – мектептің ғана емес, өз отбасының да мақтан тұтатын, болашағына сенімді жас тұлға. Ол өз мақсатына жету үшін тынымсыз еңбек ететін, қоғамда өз орнын табуға ұмтылатын жасөспірім.