Есимхан Бейбарыс Медетұлы 2010 жылдың 4 ақпанында Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінің 10 «Ә» сыныбында білім алуда.
Бейбарыс бала кезінен спортқа ерекше қызығушылық танытып, бүгінгі таңда сол бағытын нық таңдаған оқушылардың бірі. Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарап, жаттығуларға тұрақты қатысып, жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылып келеді. Мектеп қабырғасында түрлі спорттық жарыстарға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып, «Үздік спортшы» атағын да иеленген.
Сабақ үлгерімі де жақсы, пәндерді жауапкершілікпен меңгеріп, ұстаздарының сеніміне ие болған оқушы. Мектеп өміріне белсенді араласып, түрлі іс-шараларға қатысып, өз қатарластарына үлгі бола алады.
Бейбарыс көп балалы отбасында тәрбиеленіп өсіп келеді. Отбасынан алған тәрбиесі мен қолдауы оның алға қойған мақсаттарына жетуіне үлкен серпін беруде. Болашақта спорт саласында биік белестерді бағындырып, ел намысын қорғайтын спортшы болуды армандайды.
Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.
