Біздің ұлымыз – Сұлтан Мүслім Тасқынұлы 2013 жылдың 5 наурызында дүниеге келген. Мүслім – көпбалалы отбасымыздың үшінші перзенті. Бала кезінен алғыр, қайсар мінезімен ерекшеленіп, спортқа деген қызығушылығы ерте оянды.
2021 жылдың қаңтар айында Мүслім Тұрпан ауылындағы «Тұран» спорт кешеніне қабылданып, грек-рим күресімен шұғылдана бастады. Жаттықтырушысы Құсайнов Ұлан Айтақынұлы баламызды жылы қабылдап, оның спортқа деген ынтасын арттырып, шеберлігін шыңдауға үлкен үлес қосып келеді.
Қазіргі таңда Мүслім Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Лепсі ауылындағы «Спорт дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында» 7-сыныпта білім алып, спорт жолында талмай еңбек етіп жүр.
Ол түрлі жарыстарға тұрақты түрде қатысып, жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленіп келеді. Әрбір жетістігі біз үшін зор мақтаныш. Баламыздың табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыратынына сеніміміз мол.
Біз, ата-анасы, Мүслімнің спортқа деген сүйіспеншілігін әрдайым қолдап, оның жарқын болашағына сенеміз. Баламыздың дені сау, мерейі үстем болып, ел намысын қорғайтын чемпион атануын тілейміз.
Алла қаласа, болашақта Әлем чемпионы атансын!
Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.

