Жыл үздігі

Ерджан Нурсейіт Абзалұлы



     Ерджан Нурсейіт Абзалұлы 2016 жылдың 27 ақпан күні дүниеге келген. Туып өскен жері Түркістан қаласы. Екі жасқа толғанында балабақшаға барып, сол жерде әртүрлі мазмұндағы қазақша тақпақтар жаттап үйрене бастады, ал төрт жасында ажесі үйде орыс тіліндегі сөздер мен әріптерді үйретті. Алты жасында алғаш мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпты орыс сыныбында білім алды. Алғашқы ұстазының берген білімі мен қатаң тәрбиесінің арқасында орыс тілін жеткілікті білді. Сыныбында озат оқушы болып, 1-сыныпты үздік аяқтады. 2-сыныпты Түркістан қаласындағы С. Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейіне ауысып, Көлбаева Жансая апайдың шәкірті болды. Ұстазы Нұрсейіттің алғырлығын бірден байқап, сеніп, қолдау білдіріп, барлық жарыстар мен жобаларға қатыстырды.

     Түркістан қаласының 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «ЗЕРДЕ» Республикалық конкурсының қалалық кезеңіне қатысып мақтау қағазымен марапатталды.

«BILIMDI URPAQ Жас зерттеушілер – заман көшінде» тақырыбындағы Халықаралық мектеп оқушылары мен колледж арасында өтетін ғылыми шығармашылық конференцияға қатысып, «үздік» жұмыс қорғап, ғылыми танымдылық қабілет көрсеткен дарынды шәкірт деп ДИПЛОМ І орынмен марапатталды.

     «Мың бала» республикалық зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен 2024-2025 оқу жылының сәуір айындағы «Абайтану» олимпиадасына «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша қатысып, Бас жүлдені иеленді.

    «WORK AND EDUCATION» халықаралық ақпараттық- танымдық журналының «Бояулар құпиясы» атты жас суретшілер байқауына белсене қатысып, үздік деп танылып ДИПЛОМ І дәрежемен марапатталды.

   «WORK AND EDUCATION» халықаралық ақпараттық-танымдық журналының «Абай оқулары» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына белсене қатысып, үздік деп танылғаны үшін ДИПЛОМ І дәрежемен марапатталды.

    «Мың бала» республикалық зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен 2025-2026 оқу жылының желтоқсан айындағы «Мағжан оқулары» конкурсына қатысып, І орын иеленді.

     IQ CENTR интелект орталығы Республикалық «Кенгуру» жалпы пәндік интеллектуалдық олимпиадасына қатысып І орын жүлдегері атанды.

     Мектебінде өтілген бастауыш сыныптың және ағылшын тілі пәнінен өткен облыстық семинарларда жоба қарғап, Облыстан келген мұғалімдерді қазақ тілі мен ағылшын тілінде еркін сөйлеп таңқалдыра білді. Сыныбында да үздік оқушы болып, бастауыш сыныпты үздік аяқтап, «Жыл үздігі» атанды. Нұрсейіттің бұндай жетістікке жеткені анасы мен ұстазының еңбегі. Нұрсейіт өте еңбекқор, алғыр және дарынды, болашағы жарқын бала.

     Нұрсейіттің алға қойған мақсаты- сапалы блім мен саналы тәрбиенің арқасында еліне еңбек ететін адал азамат болу.


Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.