Ануар АбдуНаби Диясұлы 2016 жылдың 4 наурызында дүниеге келген. Ол көпбалалы отбасында тәрбиеленіп өсіп келеді. АбдуНаби – ұлдардың үлкені. Оның бір әпкесі, екі інісі және бір қарындасы бар.
Қазіргі таңда Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Жетісу орта мектебінде білім алады. 2025-2026 оқу жылында 4-сыныпты аяқтады.
Енді баламыздың дзюдо күресіне қалай келгені туралы айта кетейік. Біздің тұрып жатқан ауылымыз – Өрқұсақ ауылына дзюдо күресінен жаттықтырушы Алишер ағай келді. Бір күні АбдуНаби үйге келіп: «Әке, ана, мен күреске қатыссам бола ма?» – деп сұрады. Басында біз көпбалалы отбасы болғандықтан, күрес ақылы болса, қиынға соға ма деп ойладық. Себебі АбдуНаби қатысса, бауырлары да қатысқысы келетінін білдік.
Ол алғашында бір күн ғана қатысып, кейін бармай қойды. Алайда 2024 жылдың күзінде далада ойнап жүрген жерінен Алишер ағай шақырып алып, қайтадан дзюдо үйірмесіне қатысуға мүмкіндік берді. Содан бері, міне, екі жылға жуық уақыт бойы тұрақты түрде жаттығып келеді.
Қазіргі таңда АбдуНабидың 4 кубогы және Алматы қаласында өткен үлкен «Жеңіс» жарысында жеңіп алған 1 белбеуі бар.
2025–2026 жылдар аралығында қол жеткізген жетістіктері:
* 15 медаль – І орын;
* 3 медаль – ІІ орын;
* 7 медаль – ІІІ орын.
Осы орайда Алишер ағайымызға үлкен алғысымызды білдіреміз. Баламыздың бойындағы қабілеті мен талпынысын байқап, оны дзюдо күресіне баулығаны үшін шын жүректен рақмет айтамыз!
Біз ұлымызды мақтан тұтамыз және оны шексіз жақсы көреміз!
Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.
