Жыл үздігі

Жұмабай Руслан Жандосұлы


Мен, Жұмабай Руслан Жандосұлы, 2017 жылғы 10 тамызда Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданының Жақсылық ауылында дүниеге келдім.

Қазіргі таңда Қ. Сұлтанбеков атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысымын. Білім алуға деген құштарлығым мен ізденімпаздығымның арқасында әрдайым жақсы нәтижеге жетуге талпынамын.

Отбасымызда үш баламыз. Менің бір ағам және бір інім бар. Ата-анамның тәрбиесі мен қолдауының арқасында адамгершілік, еңбекқорлық және жауапкершілік сияқты қасиеттерді бойыма сіңіріп келемін.

Бос уақытымды тиімді өткізуге тырысамын. Футбол және вокал үйірмелеріне қатысып, өз қабілетімді шыңдаймын. Сонымен қатар мәнерлеп оқу байқауларына белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрмін. Мұндай жетістіктер мені жаңа белестерді бағындыруға жігерлендіреді.

Болашақтағы басты мақсатым – сабағымды үздік оқып, білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған, туған еліне адал қызмет ететін, халқына пайдасы тиетін азамат болып қалыптасу. Мен өз армандарыма табандылықпен еңбек етіп, алға қойған мақсаттарыма міндетті түрде жетемін деп сенемін.



Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.