Орынбек Ақжүрек Нүркенұлы – 31.08.2012ж Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қызыл көл ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Отбасында 4-ші бала. 2018 ж. М.Әуезов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің табалдырығын аттап, мектепалды даярлық тобына қабылданды. Ақжүрек кішкентайынан өте алғыр, зерек, тіл алғыш бала болып өсті. 1-сыныптан бастап қазіргі таңға дейін, яғни, 8-сыныпты да үздік аяқтап отыр.
Ал, жүлделеріне келер болсақ: Республикалық Айқанат олимпиадасының қатысушысы, 2-кезеңіне өткен, математика, орыс тілі, қазақ тілі т.б пәндік олимпиадаларының 2-3 орын иегерлері. Ал, спорттық жетістіктеріне келер болсақ, Кентау қаласының құрметті азаматы, ақын, жазушы Рахым Балабиев атындағы шахматтан өткен жасөспірімдер арасында облыстық ашық біріншілігінің 14 жасар ұлдар арасында өткен жарыста 2-орын, жасөспірімдер арасында жылдам шахматтан өткен «Шахмат – ақылдылар шайқасы» атты облыстық ашық турнирде 2-орын, Классикалық шахматтан жасөспірімдер арасындағы Түркістан облысының чемпионатында 2-орын, Республикалық «Теріскей төріндегі ой додасы» атты шахмат турнирінде үздік ойын өрнегін көрсетіп, 3-орын иеленді, Түркістан облысы полиция департаменті ұйымдастырған дәстүрлі шахматтан өткен ашық турнирге қатысып жүлделі 2-орынға ие болды.
Ақжүректің осындай жетістіктерге қол жеткізуі – білімге, спортқа деген қызығушылығының арқасы.
Ақжүректің болашақта ел қамын ойлайтын, адал да намысты ер-азамат болып қалыптасатынына кәміл сенемін.
Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.

