Мен, Әзахмет Айым Равильқызы, 2011 жылғы 11 маусымда Атырау қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.
Қазіргі таңда Атырау қаласындағы Әл-Фараби атындағы BINOM School мектеп-лицейінің 10-сыныбында білім алып жатырмын. Отбасымызда төрт бала тәрбиеленуде. Мен – отбасындағы екінші перзентпін.
2019 жылдан бастап Атырау қаласындағы №5 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде таэквондо спортымен тұрақты түрде айналысып келемін. Спортпен шұғылдану барысында өзімнің физикалық дайындығымды жетілдіріп қана қоймай, тәртіпке, табандылыққа, жауапкершілікке және алға қойған мақсатқа ұмтылуға үйрендім.
Таэквондо спортынан қызыл белбеу иегері атанып, спорт шеберіне үміткер атағын иелендім. Осы жылдар ішінде Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде ұйымдастырылған облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға белсенді қатысып, бірнеше мәрте чемпион атанып, жүлделі орындарға ие болдым.
Мен үшін спорт – тек жарыс пен жеңіс емес, өзіңді үнемі жетілдірудің, қиындықтарды жеңудің және биік мақсаттарға ұмтылудың мектебі. Әрбір жетістігімнің артында үздіксіз жаттығу, еңбекқорлық, табандылық және өзіме деген сенім жатыр.
Алдағы уақытта да білім мен спортты қатар алып жүріп, өз жетістіктерімді еселеуге, еліміздің көк байрағын биікке көтеретін білікті әрі елжанды азамат болуға ұмтыламын.
Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.
