Хазбулатов Алишер Алмасович, 2011 жылы туған, Бұқар-Жырау ауданы, Ботақара кентінің тумасы.
Алишер жас кезінен бастап «Қыран» спорт клубында Арман Ғалымұлының жетекшілігімен бокс спортымен айналысады. Тынымсыз жаттығуы, тәртібі, мақсатқа ұмтылысы және жеңіске деген жігерінің арқасында спортта жоғары жетістіктерге жетіп келеді.
Алишер әртүрлі деңгейдегі жарыстарға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып, жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. Өзінің еңбексүйгіштігі, табандылығы мен спортқа деген құштарлығы арқылы туған ауданымыздың және «Қыран» спорт клубының абыройын лайықты түрде қорғап келеді.
Алишерге алдағы уақытта жаңа жеңістер, биік белестер және спорттық жолында үлкен жетістіктер тілейміз!
Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.
