Мен, Қанатбек Айзере Саматқызы, 2013 жылдың 11 желтоқсанында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында дүниеге келдім.
Қазіргі уақытта «Абай атындағы қазақ орта мектебі-мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 7-сыныбында білім аламын. Мектептегі үлгерімім өте жақсы. Қоғамдық жұмыстарға, мәдени-көпшілік іс-шараларға және түрлі байқауларға белсенді қатысамын.
Кішкентай кезімнен зерек, алғыр және өнерге жақын болып өстім. Ән айтып, би билеуге қызығушылық танытып, түрлі жарыстар мен байқауларға қатысып жүрдім. Сонымен қатар фортепиано үйірмесіне қатысып, музыкалық қабілетімді дамытып келемін.Сондай-ақ математика пәніне ерекше қызығушылық танытып, білімімді тереңдету мақсатында қосымша сабақтарға қатысамын.
Бос уақытымда спортпен шұғылданғанды ұнатамын. Қазіргі таңда дзюдо спортымен айналысып, аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүрмін. Спорт маған тәртіпті, табандылықты және жауапкершілікті үйретті.Дзюдо спорты бойынша жеткен жетістіктеріме ұстаздарымның еңбегі зор. Осы орайда жаттықтырушыларым Сатыбалды Дидар ағай мен Сатыбалды Мұхаммед ағайға шексіз алғысымды білдіремін. Олар маған дзюдоның қыр-сырын үйретіп қана қоймай, тәртіпті, табанды, мақсатшыл болуға тәрбиелеп келеді. Ұстаздарымның берген білімі мен қолдауының арқасында түрлі жарыстарда жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүрмін. Алдағы уақытта да олардың сенімін ақтап, биік белестерді бағындыруға бар күшімді саламын.
Отбасымда атам, әкем, анам, өзім және менен кейінгі екі інім бар. Отбасым менің барлық жетістіктеріме қолдау көрсетіп, жақсы тәрбие беріп келеді.
Алдағы өмірдегі ең үлкен арманым – дзюдо спортынан әлем чемпионы атанып, Қазақстанның көк туын халықаралық жарыстарда биікке көтеру. Сол мақсатқа жету үшін білім алып, спортта үздік нәтижелер көрсетуге талпынып келемін.
Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.
