Ислам – Орал қаласында 12.12.2016 ж. дүниеге келді, үйдегі 4 балам, Исламның 1 апасы, 2 ағасы, 1 інісі бар. Кішкентай кезінен тәртіпті таза бала болатын. 3 жасынан Балабақшаға барды, жылдың соңы болғасын 5 жасынан мектепке барды. Мектепке ағаларымен бірге барып, әрі қарай тренировкаға да бірге барды. Содан икемі бар екені байқалып спортқа жарыстарға бара бастады. Дзюдо, қазақша және рукапашкодан да қатысты, өзіне сенімділік мінез пайда бола бастады. Қазір ұлым үлгілі оқушы және нәтижесі бар спортшы.
МІНЕЗДЕМЕ
Нұржан Исламға
Нұржан Ислам – 1-сыныпқа 5 жасында келді. Өзі жасы мен бойы кішкентай болғанымен пысық, алғыр қайсар мінезімен білім алатын, тәртібі жақсы, тәрбиелі оқушы бола білді. Қазір Ислам 5 сынып орта буын оқушысы.
Ислам сыныптастарымен жақсы қарым-қатынас жасайды, үлкендерді сыйлайды, әдептілік пен мәдениеттілік танытады. Сынып ережелерін сақтап, мұғалімнің талаптарын орындауға тырысты.
Сонымен қатар, Ислам дзюдо спортына қатысады. Спортпен шұғылдануы оның тәртіпті, жинақы, төзімді және жауапкершілігі мол болып қалыптасуына ықпал етті. Жаттығуларға қызығушылықпен қатысып, өзіне қойылған талаптарды орындауға тырысты.
Ислам әрбір спорттық жарыстарға үзбей қатысып қоржынын медальдармен тотырып, жетістіктерге жете білді.
Ислам, сонымен қатар, бауырмал бала. Ол ағаларын сыйлай біледі, інісіне қамқор бола білетін мейірімді бала.
Нұржан Ислам – тәрбиелі, сабырлы, ұқыпты және ізденімпаз оқушы. Білім алуға және спортпен айналысуға ынтасы бар. Алдағы уақытта да өз қабілеттерін дамытып, жақсы жетістіктерге жетеді деп сенеміз.
Сынып жетекшісі: Муханалиева Б.А
Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.
