Хожамбердиев Нурислам Илхамұлы 2012 жылы 22 қыркүйекте дүниеге келді. Нұрислам жан-жақты бала болып өсті, өте ақылды, парасатты, зерек, пысық дара бала. 2016-2017 ж шағын топқа садикке барып жүрді. 2018 жылы нулевой сынып даярлық тобына барды. 2019 жылы 1 сыныпқа қабылданды. 1 сыныптан бастап сыныбының ең алдыңғы қатарлы оқушысы болып өте білімді оқушы болды. Бастауыш сынып мұғалімі Гулмира Маннапова ұстазына рахметім шексіз! Ұстазының берген терең білімінің орны ерекше. 4-сыныптан бастап Амангельдиев Сухроб ағайдың стол теннисі үйірмесіне қабылданып, сабағымен қоса теннисті бірге қатар үлгеріп алып жүрді. Тенниске өте қатты қызықты. Сабағына ешқандай кері әсері тиген жоқ. Сабағына өте үздік қатысып және осы күнге дейін теннистен аудан көлемінде көптеген жетістіктерге ие болып жүрген жері аз емес. Бастауыш сыныпта көптеген олимпиадаларға қатысып, қаншама жүлделі 1-ші орындарға ие болды. Сол 1-ші сыныптан осы жылы 7 сыныпқа дейін үздік оқушы болып оқып келе жатыр, қараша айында болып өткен аудандық пәндік олимпиаға қатысып, Физика пәнінен жүлделі 1-ші орын иегері болды.
Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.
