Жыл үздігі

Ринатова Айару Ринатқызы


Ринатова Айару Ринатқызы 2014 жылдың 12 сәуірінде дүниеге келген. Отбасындағы үйдің үлкені. Қазіргі таңда 7-сыныпта білім алып, мектепте сабақты үздік оқып келеді.

 

Айару 2-сыныптан бастап көркемсурет үйірмесіне қатысып, сурет өнеріне ерекше қызығушылық танытып келеді. Оның суретке деген алғашқы қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін дамытуға бағыт берген ұстазы – Ташимова Тұрсынай Исмагуловна.

 

Ұстазының қолдауымен Айару сурет салуға деген сүйіспеншілігін арттырып, түрлі көркемсурет байқауларына белсенді қатыса бастады. Осы уақытқа дейін көптеген шығармашылық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.

Қазіргі жетекші ұстазы - Биржанова Розалина Тлекжановна

 

Айару – білімге құштар, ізденімпаз, шығармашылық қабілеті жоғары, өз мақсатына ұмтылатын дарынды оқушы. Болашақта сурет өнерін одан әрі дамытып, үлкен жетістіктерге жетуді армандайды.

Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.