Мен, Қаражанова Диана Русланқызы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Петерфельд ауылында тұрамын.
Қазіргі уақытта «Қызылжар Абай орта мектебінің» 7-сыныбында оқимын. Сабақ үлгерімім жақсы. Мектептің қоғамдық өміріне және түрлі іс-шараларына белсенді қатысамын.
Бала кезімнен спортпен айналысқанды жақсы көремін. Футбол және еркін күріспен айналысамын. Әртүрлі жарыстарға қатысып, көптеген жүлделі орындарға ие болдым.
Мектепте спортпен Байгожин Бахтияр Серікұлы және Байгожин Имантай Ерікович жетекшілік ететін жаттығулар арқылы айналысамын.
Сонымен қатар, қаладағы FC Qyzyljar футбол командасында жаттығамын. Командамен бірге түрлі қалаларға барып, жарыстар мен турнирлерге қатысамын. Команда жаттықтырушысы – Кудяшова Ирина Серікқызы.
Спортпен қатар би үйірмесіне де қатысамын. Би маған шығармашылық қабілетімді дамытуға, өзіме деген сенімімді арттыруға және сахнада еркін болуға көмектеседі.
Маған спортқа деген сүйіспеншілігімді арттырып, әрдайым қолдау көрсетіп жүрген барлық жаттықтырушыларыма үлкен алғысымды білдіремін. Сондай-ақ менің әрбір жетістігіме қуанып, үнемі қолдау көрсетіп жүрген ата-анама ерекше алғыс айтамын.
Алдағы уақытта да жақсы оқып, спортпен тұрақты түрде айналысып, жаңа жетістіктерге жетуге және өзімнің жеңістерімді көбейтуге тырысамын.
Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.


